Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54
Бейбіт те берекелі еліміздің қауіпсіздігі қырағылықты қажет етеді.Елбасымыздың сындарлы саясаты татулыққа, достыққарым-қатынасқа негізделген. Әлемді шарпып тұрған дүрбелеңдер,дағдарыстар, қиян-кескі ұрыстардың арасында Қазақстанныңынтымақты, ырысты өмір кешуінің өзі бір ғанибет. Бұл да мемлекеттіксаясаттың нық, дұрыс бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді.
Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:54
Бейбіт те берекелі еліміздің қауіпсіздігі қырағылықты қажет етеді.Елбасымыздың сындарлы саясаты татулыққа, достыққарым-қатынасқа негізделген. Әлемді шарпып тұрған дүрбелеңдер,дағдарыстар, қиян-кескі ұрыстардың арасында Қазақстанныңынтымақты, ырысты өмір кешуінің өзі бір ғанибет. Бұл да мемлекеттіксаясаттың нық, дұрыс бағыт ұстанып отырғанын көрсетеді.
Ел қауіпсіздігін сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. Тәртіп сақшыларының тынымсыз еңбегі арқасында ел ішінде татулық орнап отырғанын айту керек. Үлкен қақтығыстардың бәрі кішігірім түсініспеушіліктерден туындайтыны белгілі. Бұл орайда өртті тұтанған сәтінен өшіріп, халықты ынтымаққа шақырып жүрген сақшылардың ел қорғаны екенін мойындау қажет. Полицияның қоғамда алатын орны зор, рөлі ерекше. Халықтың тыныштығын сақтаушылар – мемлекеттің басты көмекшілері.
Президент «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойып, жаңа бастама көтерді. Сөйтіп, құқық қорғау саласында үлкен жаңғыру бастау алып отыр. Ел қауіпсіздігі – басты мәселе. Президент бұл міндетті жылдағы Жолдауынан тыс қалдырмайды. Биылғы халыққа арнаған Жолдауында да Елбасы ХХІ ғасырдың заманауи мемлекетті басқаруға жоғары талаптар қойып отырғандығын ерекше атап өтіп, жаңа дәуір, сондай-ақ мемлекеттегі тәртіпті сақтап тұру саласында да жаңаша көзқарастар қажеттігін нақтылады. Президенттің бастамасымен жүзеге асырылатын кезектен тыс аттестаттау нәтижесінде құқық қорғау органдарында өз ісіне адал нағыз мамандар қалады деп сенеміз.
Құқық қорғау саласының қызметкері Отанын шексіз сүйетін, мемлекетшіл, әділдікті өзіне ұран еткен, тура жолдан таймайтын азамат болуы керек. Әрбір құқық қорғау саласының қызметкері өздерін мемлекеттік саясатты жүзеге асырушылар екендігін, халықтың олардың жұмысына баға беруі арқылы жалпы мемлекеттік саясатқа баға берілетіндігін, яғни бүгінгі әділ шешім халықтың ертеңгі өмірге сенімі екенін түсінуі тиіс. Мемлекет мүддесін, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде асқан ерлік көрсетіп, ұрпаққа үлгі болған абзал азаматтарымыз құқық қорғау саласында жетерлік. Өз ісінің шынайы мамандары қандай жағдайда да жұмысын көрсете біледі, сынақтан шыңдалып, басқаларға үлгі болатынына сенім мол.
Жалпы, қазақ сақшыларының бүгінгі қарымы көз қуантады. Соңғы жылдары ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы мен техникалық қамту жағынан едәуір нығайып келе жатқанын мақтанышпен айтамыз. Жаңа технологиялар, бейнебақылау, жаңа үлгідегі жылдамдық өлшегіштер, компьютерлер мен көптеген техника енгізілуде. Бұл жұмыс жағдайын ғана жақсартпай, оның тиімділігін де арттырады. Полиция қызметкерлері де заман талабына сай бейімделуі шарт. Олар – қоғам айнасы. Сақшылар барша қоғамда өмір сүріп жатқан халықпен жұмыс істейді, көптің ортасында жүреді. Халыққа жақын болып, азаматтар құқықтарының бұзылмауы үшін күреседі. Демек, оларға жүктелер міндет жоғары болғандықтан, оларға қойылатын талап та соған лайық болуы шарт. Тәртіп сақшыларының қатарында жауапкершілігі төмен, іскерлік қабілеті аз жандар болмауы тиіс. Өйткен күнде әйгілі “Полиция – менің қорғаным” ұранының мән-маңызы қашады. Сондықтан да бұл салаға кандидаттарды қызметке алғанда өте мұқият болу керек.
Ғанибек ОТАРБАЕВ,
Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.