• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Сәуір, 2019

Таразда триатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңі өтеді

868 рет
көрсетілді

Тараз қаласы триатлоннан Қазақстан кубогінің екінші кезеңін қабылдайды. 11-12 мамыр күндері өтетін жарысқа кәсіби спортшылар қатыспақшы деп жазады Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Қарағанды облыстарынан жалпы есебі жүз спортшы бақ сынайды. 

13 пен 16 жас аралығындағы жас атлеттер «супер-спринт» бойынша өзара жеңімпазды анықтайды. 

Ал 16 жастан жоғары атлеттер «спринтте» кім мықтыны анықтайды. Бұл сында спортшылар 750 метрге жүзіп, 20 шақырымдық веложарыста бақ сынап, бес шақырымға жүгіруден жарысады.