• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 16 Сәуір, 2019

«NUR Media» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

980 рет
көрсетілді

Белгілі журналист Әлия Бөриева «NUR Media» холдингінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «NUR Media» ұжымына холдингтің жаңа бас директорын таныстырды. Ол - белгілі журналист Әлия Бөриева. Әлия Бөриева еңбек жолын Шымкенттегі «Отырар» телеарнасынан бастаған. Әр жылдары КТК, Qazaqstan және «Астана» телеарналарында, түрлі мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінде жұмыс істеді. 

2006 жылдан бастап Әлия Бөриева «Nur Otan» партиясы орталық аппараты мен «NUR Media» холдингінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 

Сондай-ақ бүгін «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының баспасөз қызметінің басшысы лауазымына Максим Споткай тағайындалды. Ол бұған дейін партия медиа-холдингі бас директорының орынбасары болған.

«Осы тағайындаулар партияның ақпараттық саясатын одан ары күшейтуге игі әсер етеді деп сенемін. Біз бірге «Nur Otan» партиясын ашық, нәтижелі, 21 ғасырдың инновациялық саяси ұйымына айналдыруға тиіспіз. Әріптестеріме сәттілік және шығармашылық табыстар тілеймін», - деді Мәулен Әшімбаев.