Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:22
Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау ісін жақсартуға бағытталған көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда. Еліміздегі кәсіпкерлік қозғалыстың дамуына, азаматтық құқықты қорғау мен әкімшілік реформасын іске асыруда бұл істің де тигізетін пайдасы аз емес.
Сейсенбі, 26 маусым 2012 7:22
Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің прокуратура, басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, азаматтардың арыз-шағымдарын қарау ісін жақсартуға бағытталған көптеген жұмыстарды жүзеге асыруда. Еліміздегі кәсіпкерлік қозғалыстың дамуына, азаматтық құқықты қорғау мен әкімшілік реформасын іске асыруда бұл істің де тигізетін пайдасы аз емес.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес республика азаматтары өздері тікелей немесе тиісті өкілдері арқылы мемлекетті басқару ісіне қатысуға, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына арыз-шағымдармен және басқа да өтініштермен хабарласуға құқылы.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы» Заң талаптарына сәйкес олардың арыз-шағымдары және өтініштері міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алынуға және қарауға жатады. Бұл жұмыстардың ойдағыдай ұйымдастырылуына мемлекеттік ұйым басшысы және осы іске белгіленген қызметкер тікелей жауапты болып табылады.
Арыз-шағымдарды толықтай есепке алып және олардың орындалуын қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті «Тұлғалар өтінішінің бірыңғай есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін әзірлеп, оны барлық мемлекеттік мекемелерге енгізді.
Алайда, Сарыарқа ауданындағы мемлекеттік мекемелерді тексеру барысында анықталған көптеген кемшіліктер жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу бөлігінде мемлекеттік статистикалық есептілікте бұрмалау фактілерінің пайда болатындығын көрсетіп отыр.
Жоғарыдағы аталған заң талабына сәйкес келіп түскен әрбір өтініш немесе арыз-шағым осыған арналған журналға тіркеліп, оған «Тұлғалар өтінішінің бірыңғай есебі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің есеп-карточкасы қойылуы керек. Сонымен қатар, өтініш берушіге оның өтінішінің қабылданғаны туралы нөмірі, қабылданған уақыты және қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон тапсырылады. Егер мұндай болмаған жағдайда арыз-шағымдарды есепке алу талаптары бұрмаланып, осыдан барып олардың орындалуын бақылау жұмыстары да босаңсуы мүмкін.
Сондықтан мемлекеттік органға келіп өз өтінішін тапсырушы әрбір адам өзінің конституциялық құқын білуі тиіс. Жоғарыдағыдай тәртіп шаралары орындалмаған жағдайда олар тиісті мекеменің басшысына немесе оның орынбасарына кіріп, шағым жасай алады. Ол үшін мекеме басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі адамдардың көзі түсетін көрнекті жерде ілініп тұруы қажет. Сондай-ақ Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының тұрғындары өздерінің өтініштері дұрыс қабылданбады деп есептеген жағдайда заңды құқын пайдалану жөнінде кеңес алу үшін Астана қаласындағы 44-63-88 телефонына хабарласа алады.
Айдар ЖАНҒҰТТИНОВ,
Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі, 2-ші сыныпты заңгер.
Астана.