Бұл – Қазақстан тарихының жаңа беті, сондықтан алдымызда еліміз үшін тағы бір тағдырлы, тарихи белес тұр. Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы Президент үндеуін кеңінен талқылай отырып, алдағы сайлаудың әділ әрі ашық болатынына сенеміз. Қазақстан халықаралық нормаларға сай биік саяси мәдениет пен демократия қағидаттарын әрдайым жоғары ұстайды. Ел алдына қойылған ауқымды мақсаттарға жету үшін мемлекетімізде барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осындай өршіл мақсатты жүзеге асыру барысында Мәңгілік елдің болашағы үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз.
Үмітхан МҰҢАЛБАЕВА,
Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы