• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Шілде, 2012

Жанат БЕКЖАНОВ, Қызылорда қалалық сотының төрағасы: Сот төрелігіне сенім артып келеді

813 рет
көрсетілді

Жанат БЕКЖАНОВ, Қызылорда қалалық сотының төрағасы: Сот төрелігіне сенім артып келеді

Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:33

– Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау салаларын реформалауғаайрықша назар аударып келеді. Жолдауда мін­деттелген сот жүйелерінжаң­ғыр­тудың мәселелері қалай орындалып жатыр?

 

Сейсенбі, 24 шілде 2012 7:33

– Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау салаларын реформалауғаайрықша назар аударып келеді. Жолдауда мін­деттелген сот жүйелерінжаң­ғыр­тудың мәселелері қалай орындалып жатыр?

– Елбасы өз Жолдауында сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мәселесіне арнайы тоқ­талып, алдағы уақытта сот жү­йесін қай бағытта жүйелі түрде реформалау қажеттігін ерекше атап көрсетті. Бұл Жолдау судьялар қауымдастығы тарапынан ерекше ықыласпен қабылданып, бүгінде оны іске асыру бағы­тын­да нақты жұмыстар жүргізілуде. Сот беделі мемлекет мәртебесі екенін естен шығармауымыз керек. Мәселен, судьялар мен судья лауазымына кандидаттарға ар­­нал­ған жоғары критерийлер мен стандарттар енгізіліп, сапалы судьялық корпус қалыптасып келеді. Судьяларға үміткерлердің кәсіптік және моральдық қасиет­терін зерделеу мақсатында бұқа­ралық ақпарат құралдарында олар туралы мәлімет жарияланады. Бұл мінсіз судья корпусын құрудың іргетасы болып табылады. Сонымен қатар, осы сот жү­йесінің өзекті деген мәселелерін шешу мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» және «Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» заңдарына өзгерістер енгі­зіл­ді. Онда соттардың тәуелсіздігі мен мемлекеттік сот қызметінің әділ жұмыс істеу, сот ісін жүр­гі­зу­дің тиімділігі мен объективті­лі­гін арттыру, сот процедуралары­ның ашықтығы мен айқындығын барынша қамтамасыз ету, азамат­тар­дың құқықтарын, бостандық­тарын және заңдық мүдделерін қорғау міндеттері тиянақты түрде қамтылған. Бүгінгі таңда соттар қызметін ұйымдастыру, судьялар мәртебесі, судьялық кадрларды іріктеу, тағайындау тәртібі, сон­дай-ақ соттар қызметін қаржы­лан­дыру, материалдық-техника­лық қамтамасыз ету мәселелері конс­титуциялық деңгейде реттелген.

– Сот жүйесін жетілдіру ба­ғытында бірнеше заңдарға өз­герістерензіліп жатыр. Осы не өзгеріс? Соны таратып айты­ңызшы…

– Қабылданған өзгерістерге байланысты облыстық соттарда апелляциялық сот алқалары аза­мат­тық және әкімшілік істер, қылмыстық істер болып қайта құрылады.

Кассациялық сот алқасын мұ­нан былай облыстық соттардың төрағалары басқаратын болады, ол өзінің төрағалық міндетте­рі­мен қоса басқа судьялар секілді істерді қарайды, алқаға төраға­лық етеді. Өзге алқа төрағала­ры­ның өкілеттіктері де осылай белгіленген. Бірінші сатылы соттарда қаралған істер бойынша қабылданған сот шешімдеріне ке­ліспеген жеке және заңды тұл­ға­лардың істері енді алдымен апел­ляциялық сот алқасында, сонан соң кассациялық сот алқасында қаралып, түпкілікті шешімін табады. Бұл сотқа жүгінген азамат­тардың даулы мәселелерін шешу үшін Астанаға арызданбай, жер­гі­­лікті соттарда түбегейлі шеші­мін табуы үшін жасалған игі істердің бірі. Аталған жәйт жер­гілікті соттардың өкілеттігі мен жауапкершілігінің, оларға деген халық сенімінің арта түскенінің айғағы. Осылайша облыстық соттарда енді екі сот алқасы жұмыс істеп, заңның бұл баптары ағым­дағы жылдың 1 шілдесінен бас­тап күшіне енді. Аталған заңға енгізілген өзгерістер облыстық сот төрағаларының және алқа төрағаларының қатардағы судьялармен бірге істерді қарауы, істер бойынша сол өңірде, республика көлемінде дұрыс сот тәжірибесін және бірізділікті қалыптастыруға септігін тигізеді деп ойлаймын.

Заңдағы тағы бір атап өтерлік өзгеріс ол – судьялардың шынайы тәуелсіздігін нығайтуды қамтамасыз ететін нормалардың қабылдануы. Енді жергілікті сот судьяларының тәртіптік жауап­кер­­шілігін қарауға қағидатшыл көзқарас танытылып, олардың жауапкершілігін қарау мәселесі облыстық  соттардың құзырынан алынып, Жоғарғы Сот жанын­дағы Сот алқаларының құзыре­ті­не берілді. Сот алқаларының құ­ра­мы Жоғарғы Сот, облыстық және аудандық соттардың судьяларынан тұрады. Бұл – жергілікті сот судьялары өз өндірістеріндегі істерді қарау кезінде, оларға өзге мемлекеттік органдар және де об­лыстық сот төрағалары тарапынан қандай да бір ықпал жасау, кедергі келтіру болмайды деген сөз.

– Қазақстан Республика­сы­ның Судьялар одағының Қы­зыл­орда­облыстық филиалы­ның төрағасы болып сайлан­ған екенсіз.Судьялар одағы­ның қызметі мен мақсаты қандай?

– Филиалдың мақсаты мен міндеттеріне судьялар қоғамдас­тығының маңызды мемлекеттік – құқықтық проблемаларды шешу­дегі айқындамасын анықтау, соттар жұмысы мен судьялар мәр­тебесінің өзекті проблемаларын қарау, соттардың тәуелсіздігін кү­шейту, сот билігін нығайту және судьялық өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша шаралар қа­был­дау, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерде судья­лар­дың мүддесін білдіру, сот тә­жі­рибесін және заңнаманы жетіл­діру мәселелерін талқылауға қа­ты­су, судьялардың кәсіптік дең­гейін арттыру, оларды оқыту жө­ніндегі шараларға қатысу, соттар­дың қызметіне және заң қолдану тәжірибесіне қатысы бар заң жобаларына және өзге де норма­тивтік актілерге қоғамдық сараптама жүргізу болып табылады.

Судьялардың барлығы қыл­шыл­дап тұрған жастардан құрал­маған. Ал егде адамдардың ден­саулық жағдайы көбіне-көп жақ­сы бола бермеуі мүмкін. Сондық­тан Судьялар одағының жарғы­сына 55 жастан асқан соттардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін арнайы ереже енгізілген. Ережеге сәйкес, судьялардың ден­саулығын қалыпты жағдайда жақсартып отыру басты мақсат болып саналады. Сол бойынша біз облыстық медициналық орта­лығымен келісімге келдік. Келі­сім бойынша, 55 жастан асқан судьялардың арасында денсау­лы­ғы сыр берген әріптестерімізді Облыстық медициналық орталы­ғының ақылы бөліміне профи­лак­тикалық емдеу үшін жолдама беріліп отыратын болады.

Алдағы уақытта белгіленген жоспар бойынша соттардың ма­териалдық-техникалық жағдайла­рын жақсартуға ат салысу, судья­лардың әлеуметтік жағдайын көтеру сияқты жұмыстар жоспарланып отыр.

– Осы халықтың сотқа деген сенімі қай деңгейде деп ойлайсыз? 

– Соңғы 5 айдың ішінде қала­лық сотта 3400 талап-арыз тіркелді. Ал былтырғы жылдың 6 айында 2965 талап-арыз түскен болатын. Осының өзі халықтың сотқа сенетінін, соттардан әділ­дік күтетінін білдірсе керек. Қа­зіргі таңда соттардың ашықтығы мен жариялылығының, қолжетім­ді­лігінің едәуір жақсарғандығы айтылып та, жазылып та жүр. Қа­зақстан Республикасы 17 ақпан­да­ғы № 565-IV санды «Қазақстан Республикасының кейбір заңна­малық актілеріне істерді қарау­дың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетіл­діру, сот төрелігіне сенім деңге­йін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойын­ша өзгерістер мен толықты­рулар енгізу туралы» Заңы аты да айтып тұрғандай сот төрелігіне се­нім деңгейін арттыру және қол­жетімділікті қамтамасыз етуге ба­ғытталған  маңызды қадам.

Әңгімелескен Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан».Қызылорда.