Биыл төртінші маусысын бастаған «Бала дауысы» балалар ән фестивалі маңғыстаулық балалар арасында өз іріктеуін жасады.
Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Орал қалаларындағы өтініш білдірген 1502 талантты балалар арасынан өз таңдауын жасап, Ақтауға қадам басқан іріктеуші өнерпаздардың алдында 132 бала өнерлерін ортаға салды.
Ән байқауында жеңімпаз атану қуанышы Ақтау қаласындағы №13 мектептің оқушысы 11 жасар Қаржаубаева Дильяраға бұйырды. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әндерді мінсіз орындап, қазылардың назарына бірден ілікті. Енді ол ұйымдастырушылар тарапынан жасалған мүмкіндік аясында вокал, хореография және әртістік қабілетін арттыратын сабақтарға қатысып, күзде Алматыда өтетін ақтық кезеңде Маңғыстаудың намысын қорғайтын болады.
Маңғыстау облысы