«Достар, естеріңізде болса, мекенжай анықтамасынан бас тарту керек деп жазған едім. Мекенжай анықтамасының қаншалықты қажет екені туралы пост жазғанымда сіздерден көптеген хаттар келіп түсті. Анықтағанымыздай оны талап етуге құқы жоқ мына органдар талап етеді: 1) мемлекеттік органдар; 2) Еңбек кодексінде көрсетілмесе де жұмысқа қабылдамас бұрын жекеменшік ұйымдар», деп жазды А. Жұмағалиев фейсбуктағы парақшасында.
Министр қазақстандықтардың талап-тілектері ескерілгендігін атап өтті.
«Азаматтан мекенжай анықтамасын талап еткендер ХҚКО-на жібермей-ақ, алуына болады. Жеке тұлғалар үшін қолжетімді қызметтерден мекенжай анықтамасын алып тастауды көздейтін қанатқақты жобаны қолға алып жатырмыз. Кадр бөлімінің қызметкері азаматтың мекенжай анықтамасын SMS келісімін алып, Egov-қа кіріп жүктей алады», деп жазады министр.
Ведомство басшысының айтуынша, 7 миллионнан астам қазақстандық азаматтардың мобильдік базасында тіркелген. Бұл дегеніміз олардың анықтамасын алу үшін үшінші тұлғаның сұранысын SMS арқылы растайды және ешқайда барудың қажеті жоқ.
«Қалған азаматтар ХҚКО-на телефон нөмірін тіркету үшін баруы тиіс. Бірнеше минут ішінде тіркеліп, көптеген артықшылықтарға ие боласыз. Тіркеуден соң ЭСҚ-сыз 25-тен аса сервис пен Telegram арқылы анықтама алуға болады», деп атап өтті министр А. Жұмағалиев.
А. Жұмағалиев айтқандай, жақын арада қанатқақты жобаның қай күні басталатыны анықталады.
«Анықтаманы үшінші тұлға арқылы алуды үйреніңіздер. Егер түсініксіз болған жағдайда ХҚКО қызметкерлері көмектеседі», деп қорытындылады министр.