Кездесу барысында аймақ басшысы өзінің алғысөзінде 21 жыл ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 100 млн тоннадан астам мұнай мен 51 кубометрге жуық газ өндіргенін атап өтті.
«Соңғы 5 жыл ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен 500 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылды. Компания жұмысын бастағаннан Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, Солтүстік Трува кен орнында кешенді сорғы станциясы, Мұнай дайындау жөніндегі №4 зауыт және ірі инвестициялық жобалары іске асырылды» ,- деді Оңдасын Оразалин.
Аймақ басшысы компанияның басшылығына бірқатар міндеттер қойды: өндірістің экологиялық дұрыстығын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және қолданыстағы қысқартуды болдырмау. Сонымен қатар, облыс әкімі мұнай-газ саласында жоғары білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті.
«PetroChina» компаниясының вице-президенті Ван Чжунцай аймақтық атқарушы биліктерге қолдау мен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, оларды орындауға дайын екендіктерін білдірді.