• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Киелі бесік Қыздар университетін бұрын естілмеген әлдиге бөледі

1170 рет
көрсетілді

Жақсы тірліктердің жаршысы болып жүрген Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті биыл бірінші рет «Киелі бесік» республикалық өнер байқауын бастады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған фестиваль киелі бесігімізді төрге шығарып ғана қоймай, еліміздегі ынтымағы жарасқан түрлі этностардың өкілдерін Қыздар университетінде тоғыстырды.

Өнер және мәдениет фа­культеті ұйытқы болған фес­тивальде ел аймақтарынан келген жоо командаларымен бірге Ұйғыр аналар одағы, Орыс мәдени орталығы, Не­міс мәдени орталығы, Татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы, Украин мәдени орта­лығының және Алматы облысы Жамбыл аудандық Мә­дениет үйінің, Жамбыл облысы Жуалы мен Қордай аудандарының өнерпаздары да сынға түсті.

Екі кезеңнен тұрған бай­қау Қыздар университетін бұрын-соңды болмаған әлдиге бөледі. Бесік тақырыбында театр­ландырылған қойылым­дармен қатар, ана әлдиі, бесік жырлары шалқыды.

Фестиваль аяқталғанда Тараз қаласындағы Абай атын­дағы Жамбыл гумани­тарлық колледжінің ұжымы үздік атанып, бас жүлдеге ие болды. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студент­терінің өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып бірінші орын алды. Екінші орын Украин мәдени орта­лығы мен Жамбыл облысы Жуалы ауданының өнер ұжымдарына бұйырды. Қазақ ұлттық қыздар педа­го­ги­ка­лық университеті, Х.Дос­мұ­ха­медов атындағы Аты­рау мемлекеттік уни­верситеті мен Жамбыл облысы Қордай ауда­нының өнерпаздары үшін­­ші орынға табан тіреді.