• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Жамбылдық жастар да Президент сайлауына белсене қатысады

1372 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылы 9 маусым күні еліміздегі ең ірі саяси науқан Президент сайлауы өтетіні белгілі. Кезектен тыс өтетін сайлауға орай Тараз қаласында «Сайлау алдындағы жастардың рөлі» тақырыбында «Еркін пікір» диалогтік алаңшасы ұйымдастырылып, мұнда өңірдегі белсенді жастар бас қосты.

Аталған басқосуға өңірдегі «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше жетекшілері, жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілері, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кезектен тыс өткізілгелі отырған Президент сайлауының еліміз үшін, оның ішінде жастар үшін маңызды екенін айтқан «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек барлық жастарды еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға бірауыздан қатысуға шақырды.

«Елдің болашағын ойлаған әрбір жас бұл сайлауға қатысып, өз кандидатына дауыс беруі керек. Еліміздің дамуына өз үлесін қосу әр жастың басты мақсаты, саяси құндылығы болу керек деп ойлаймын. Ең маңыздысы – тұрақтылықты сақтауда, тарихи құныдылықтарды насихаттауда, демократиялық принциптерді қалыптастыруда жастар алдыңғы қатарда болу керек деп есептеймін. Бұл сайлау жастардың белсене қатысып, өз болашақтарына нық қадам жасауға мүмкіндік деп ойламын», дейді ол. Сонымен қатар, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа «Президенттік сайлау – Қазақстандық жастардың қарыштап дамуына, өсуіне және саяси жағдайға бейімделуінің басты кепілі» тақырыбында сөз сөйлеп, жастарды жауапты саяси науқанға белсене қатысуға үндеді.