• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Сәуір, 2019

Маңғыстауда Ассамблея өкілдері Қошқар ата қауымына сенбілік жұмыстарын жүргізді

1380 рет
көрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Жеңіс мерекесіне орай Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қошқар Ата қорымында сенбілік өтті.

- Сенбілікке Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының, «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» және «E&W Mangystau» өкілдері қатысты. Алдарына қаламен қатар тарихи орындарды да таза ұстау мақсатын қойған сенбілікке қатысушылар жастарға қоршаған ортаны қорғап, тарихи ескерткіштерді қастерлеп сақтауға үйретеді, дейді «Достық» үйінің директоры А.Жайылханова.

Ақтау қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Қошқар Ата қорымы -көне дәуірдің  куәсі. Деректер бұл жерде бұдан он ғасыр бұрынғы қойылымдар бар екендігін айтады.

Еңбек мерекесі дұға оқумен басталды. Жиналғандар дініне немесе ұлтына бөліңбестен, бір үйдін баласындай алақандарын жайып, зиярат етті. Сенбілікке қатысқан ақсақал - «Уйгуры Актау» ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрағасы Әсимжан Әлімжанов «осындай көріністер адамды қуантып, жігерлендіреді» деп, бұл достық пен татуластықтын белгісі екендігін айтты.

- Менің осы өңірде тұрғаныма 42 жыл болды, деді «Сакартвело» грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы Автандил Гавашелишвили, -Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған барлық іс-шараларға біздің этномәдени бірлестігіміз белсенді түрде атсалысады. Бәрімізді бір шаңырақ астына біріктіретін осындай ұйым құрғаны үшін Елбасына алғыс айтамыз. Бүгінгі отырызылған жас бұтақтар болашақта үлкен ағаш болып өсетіні сөзсіз. Бізбен бірге сенбілікке жастардың да келгені көңілге қуаныш ұялатып тұр.

- Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында халықтың мәдени мұрасы, символдық, қасиетті және мәдени-тарихи заттар туралы тақырып қозғалды. Жалпы алғанда, бұл маңызды өлкетану жұмыстары басталғанын білдіреді. Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған акциясы осы тақырыптың көрінісі болып және ұлт Көшбасшысының бағдарламалық идеяларын іске асыратын үлгі болып табылады, деді «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бағдат Қуандық.

Қолдарына тырма, сыпыртқы, күрек алған белсенділер қыстан қалған шөп, ағаш жапырақтарын тырмалап, жас көшеттер отырғызды. Сонымен қатар темір қоршаулар сырланып, ағаш түптері әктелді. Әрине, тұрып жатқан қаламызды, бабакүлдік жерімізді таза ұстау үшін мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылуы маңызды. Сенбілікке бір кісідей ұйымдаса қатысқан әр ұлттың өкілдері барша адам қоршаған ортаға жанашырлықпен қараса екен деген тілектерін айтып жатты.