• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Сәуір, 2019

«Айбалта – 2019» оқу-жаттығуында армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасуы бойынша іс-шаралар өтті

1164 рет
көрсетілді

«Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасу кезеңі аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Армиялық авиация бөлімшелерінің қайта топтасуы бойынша іс-шаралардың орындалуы барысында «Шоңжы» әуеайлағына ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бөлімшелерін әуеден әрі қарай тасалау үшін көлік-жауынгерлік және жауынгерлік тікұшақтары жіберілді. 

Сондай-ақ «Шоңжы» әуеайлағында С-295 әскери-көлік авиациясының ұшақтары шоғырланды. Оның көмегімен операция өткізілетін шартты аудандарға әскери мүлікті, оқ-дәрілер мен тактикалық десантты жөнелту жүзеге асырылады.   Армиялық авиация тікұшақтарының қайта топтасуы ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Д. Қосановтың жетекшілігімен жүзеге асырылды.

«Авиациялық техниканың істен шығуы орын алған жоқ. Ұшулар штаттық режимде өтті. Жаңадан келген ұшу құрамы тәжірибелі ұшқыш нұсқаушылармен бірлесе оқу-жауынгерлік тапсырманы орындады және таулы жерде ұшуларды орындау, сондай-ақ мотоатқыш бөлімшелердің лектеріне ілесіп жүру бойынша практикалық тәжірибе жинақтады», - деді авиация генерал-майоры Д. Қосанов. 

Оқу-жаттығудың ниеті бойынша армиялық авиация бөлімшелері іс жүзінде топтамаларды күшейту, авиацияның күшін бытыратып жіберу және үлкен қашықтықтарға қайта топтастыру барысында жан-жақты қамтамасыз ету мәселелерін пысықтайды.