• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Сәуір, 2019

СҚО орташа айлық көрсеткіші – еліміздегі ең төмен көрсеткіш

1121 рет
көрсетілді

Өңірде еңбекақының орташа айлық көрсеткіші республикадағыдан көп төмен.

Маңдай тер, табан ақысын көп уақыттан даулап, ала алмай жүргендер қатары да азаяр емес. Бүгінгі күні  кәсіпорын-мекемелердің қарызы 100 миллион теңгеге жетеғабыл. Жұмысшы-қызметкерлерді қысқартпау, жалақыны уақытылы төлеп отыру жөнінде  12 мыңға жуық меморандум жасалғанымен, түйінді проблемалар жетіп артылады.

 «11 ірі кәсіпорынмен 2018-2025 жылдар аралығын қамтитын жол картасы жасалған.  Ұжымдық келісім -шартпен еңбеккерлердің 94,7 проценті қамтылған. Биыл өндірісте орын алған оқыс оқиғалардың саны  55,6 процентке төмендеген. Ең бастысы – жалақыны уақытында төлеу, оның  мөлшерін арттыру», деді  еңбек құқығы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Құмар Іргебайұлының айтуынша, әрбір жұмысберуші азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының жоғарылайтынын есепке алып отырулары керек. Кей аудандарда бұл іс жөнді жүргізілмейді. Салдарынан қарапайым адамдар аз еңбекақыға күн көруге мәжбүр. Республикадағы орташа жалақы көрсеткіші бойынша теріскей өңірі көш соңында келеді. Ірілі-ұсақты 5 мыңнан аса кәсіпорында 200 мыңдай адам жұмыс істейді. Аграрлы  өлкеде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту–басты міндеттердің бірі.

Отырыста  шаруашылық-кәсіпорын басшылары тарапынан жұмысшы- қызметкерлерге жасалып отырған әлеуметтік қолдаулар мысалға келтірілді. Мәселен, «Мәмбетов және К» КС-нің директоры  Еркебұлан Мамбетов  екі ауыл тұрғындарын қамқорлыққа алған.  Меңгесер мен Бексейіт елді мекендерінде бүлдіршіндерге арнап шағын орталық ашқан.  3 жылдың ішінде жас мамандар үшін 8 баспана тұрғызылған. Биыл тағы 4 үй  салынады. Тұрғындар тек коммуналдық қызметтер үшін ғана ақы төлейді.

Десек те, жолдарды асфальттауға, қалпына келтіруге шаруашылықтардың күші жете бермейді.

«Биыл 700 шақырым автомобиль жолдарын жөндемекпіз. Бірақ, трассаны көп ұзамай жүк көліктері бұзып тастайды.  Осыдан үш жыл бұрын  Петропавл мен Көкшетау арасындағы жол өте сапалы салынғанына қарамастан кей  жерлерін ірі жүк көліктері жарамсыз етіп тастаған. Сондықтан, машиналардың қанша жүк тасымалдап жатқанын есептейтін арнайы рамалар орнату қажет», деді  әкім.