• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2012

Ар-ожданым, намысым!

343 рет
көрсетілді

Ар-ожданым, намысым!

Жұма, 31 тамыз 2012 7:44

Көк байрағым аспанымдай зеңгір көк,

Желбірейді мен тәуелсіз елмін деп.

Елдігімді, ерлігімді танытқан,

Көк туымды биіктерден көрдім көп.

 

Жұма, 31 тамыз 2012 7:44

Көк байрағым аспанымдай зеңгір көк,

Желбірейді мен тәуелсіз елмін деп.

Елдігімді, ерлігімді танытқан,

Көк туымды биіктерден көрдім көп.

Биіктерге көтерілсе байрағым.

Арқаланып арта түсер айбарым.

Бөрі мінез, жылқы тектес бабамдай,

Ту көтерсе, намысымды қайрадым.

 

Алты құрлық басын иген нарқына,

Көз тимегей қазағымның даңқына.

Тарихымды өзі-ақ танып білмей ме,

Бойлаған жан Елтаңбамның парқына.

 

Әнұраным шырқалғанда шарықтап.

Құс патшасы көк байрақта қалықтап.

Алтын арай күн нұрымен оянған,

Өз Отанын ардақтайды халық хақ.

 

Кім таныса, Елбелгімнен танысын

Ертең күліп ататұғын таң үшін.

Осылардың сақтап тұрған барлығын,

Ата Заңым – ар-ожданым, намысым!

 

Бақытбек СМАҒҰЛ,

Парламент

Мәжілісінің депутаты.