• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2012

Әлеуметтік қамсыздандыру және оның даму болашағы

1092 рет
көрсетілді

Әлеуметтік қамсыздандыру және оның даму болашағы

Жұма, 31 тамыз 2012 7:50

Еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Осыған орай, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті мен оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады.

 

Жұма, 31 тамыз 2012 7:50

Еліміздің Конституциясында Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Осыған орай, мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті мен оның тиімділігінің басты өлшемі халықтың әл-ауқатын ұдайы арттыру болып табылады.

Еліміздің үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму жолы әлеу­меттік даму моделіне жаңа жо­ғары талаптар жүктейді. Өзде­рі­ңізге белгілі, «Қазақ­стан­ның әлеу­­меттік жаңғыртылуы: Жал­пы­ға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық ма­қа­лада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің одан әрі да­муы­ның тұ­жырымдамалық векторы ретінде өнімді еңбек жолымен іске асы­рылатын әлеуметтік жаң­ғырту ар­қылы ғана қол жеткізуге болатын жалпыға ортақ еңбек қо­ғамын құру жолдарын белгілеп берді.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы мем­ле­кет­тің әлеуметтік саясатын жаңғырту, яғни транзит мат­ри­ца­сында әлеуметтік қолдау моделінен әлеу­меттік прогресс парадигмасына өтуді жан-жақты да тұтас­тай қайта форматтау міндеті қамтылған келешек мақсат болып табылады. Әлеуметтік-ең­бек қа­ты­нас­та­ры саласында мемлекеттік саясаттың маң­ыз­ды құ­рам­дас бөлігі әлеуметтік қамсыз­дандыру, әлеу­­меттік сақтандыру және әлеуметтік көмекті қам­­­ти­тын әлеуметтік қамсыздандыру болып табы­ла­тыны сөзсіз.

Әлеуметтік жаңғыртудың өзі, атап айтқанда, әлеу­меттік заңна­ма­ны түбегейлі жаңарту, алдыңғы қа­тарлы әлеуметтік стандарттар жүйесін енгізу, әлеу­меттік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру, масылдықты және әлеу­мет­тік инфантилизмді еңсеру, сондай-ақ еңбек қызметіне ынтаны арт­тыруды көз­дейді. Бұл ретте, әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін одан әрі арттыру жеделдетілген экономикалық даму мен қоғам игіліктерін жинақтап бөлу ара­сын­да оңтайлы теңгерімнің тұрақ­ты байланысының негі­зін­де жүргізілетін болады.

Әлеуметтік жаңғыртуды іске асыру логикасы 5 ба­сымдық негізінде құрылғандығы белгілі. 1-ба­сымдық – әлеуметтік заңнаманы жаңарту шеңберінде әлеу­мет­тік-еңбек саласындағы ұлттық заң­намаларға бас­тап­қы аудит жүр­гізіп, жаңғыртуды қажет ететін нор­мативтік-құқықтық актілердің тізбесін айқындау. Оған 130-дан астам нормативтік-құқықтық акті енді. Олардың қатарында Еңбек кодексі, 17 заң, Үкіметтің 62 қаулысы және 53 ведомстволық нормативтік-құқықтық акті бар.

Әрине, бұл жоспарланып отырған жұмысты да­мудың келешек перспективаларының тұтас көрінісін­сіз атқару мүмкін емес. Осы мақсатта мүдделі мем­лекеттік органдардың, кәсіподақтар­дың, азамат­тық қоғам институт­та­ры­ның, халықаралық ұйымдар өкіл­дерінің, отандық және халық­аралық сарапшылардың қаты­суы­мен жұмыс топтары құрылып, олар­дың жұ­мыс қорытындысы әлеуметтік-еңбек заңнамасын же­тіл­діру тұжырымдасы болып та­былады.

2-басымдық – әлеуметтік-ең­бек қатынастарының тиімді моделін қалыптастыру аясында министрлікте мынадай бағыттар: нәти­желі жұмыспен қамтудың қол жетімділігін арттыру, ұлттық біліктілік жүйесінің негізгі элементтерін және 147 кәсіби стандарттарды бекіту; кәсіпорындар қызметін ерікті түрде декларациялау және кәсіптік қатерлерді басқару жүйе­лерін енгізу; кәсіптік одақтар ту­ра­лы заңға кешенді талдау жүр­гізу тәрізді бағыттарда жұмыс жүргізілуде.

3-басымдық – өмір сүру са­па­сы­ның қазақстандық стандарты бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, отандық және халықаралық сарап­шы­лармен бірлесіп ең төменгі әлеу­меттік стандарттарды: ең тө­мен­гі күнкөріс деңгейі, еңбек­ақы­ның, зейнетақы жә­не әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгі мөл­ше­рін же­тілдіруге бағытталған міндеттерді іске асырумен ай­налысуда.

Дүниежүзілік банкпен ынты­мақ­тастық тәуелсізді­гіміз­дің ал­ғаш­қы жылдарында – 1992 жылы бастау алған, ал Халықаралық ең­бек ұйымымен (ХЕҰ) 1993 жыл­дан бері жалғасуда. Халықаралық институттармен жемісті еңбектің нәтижесі Қазақстанның халық­ара­лық еңбек нормативтері саласын­дағы 20 кон­вен­цияны ратифика­циялауы болып табылады.

Әлеуметтік жаңғырту страте­гиясы әлеуметтік қор­ғаудан жұмыспен қамту және уәждемелі еңбек өнімділігі үшін қажетті жағдайлар жасау концептіне негізделген әлеуметтік прогреске өту желілік-үде­ме­лік век­торға құрылады. Бұл орайда, халықтық әлеу­меттік әлжуаз топтары, өмірлік қиын жағ­дайға тап болған адамдар әлеуметтік келісім-шарттар жүйесі және әлеуметтік шартты сипаттағы атаулы көмек арқылы уәждемелі еңбекке енгізілетін болады.

Заманауи жалпыадамдық дискурста қарттарға, әйел­дер мен ба­лаларға деген көзқараспен бағала­натын өркениетті қоғам туралы түсінік қалыптасқан. Бұл сипаттамалар дуализмін 3-құрамдас бө­лік: мүм­кіндіктері шектеулі адам­дарға деген қарым-қатынас­пен толықтыру қажет деп ойлаймын.

Қазақстан, демократиялық және экономикалық дамыған мемлекет ретінде мемлекет кепілдік берген төлемдер (жасына, мүге­дектігіне байланысты), сон­дай-ақ жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қор­ғаудың қосымша нысандарын (міндетті әлеумет­тік сақтандыру және жазатайым оқи­ға­лардан мін­дет­ті сақтандыру) қам­титын жарты деңгейлік әлеу­меттік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырды.

2005 жылы елімізде әлеу­меттік қатер туында­ған­да әлеу­мет­тік төлемді қамтамасыз ететін міндетті әлеу­мет­тік сақтандыру жүйесі, сондай-ақ өндірісте зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қор­ғаудың қо­сым­ша деңгейін қам­тамасыз ету мақсатында жаза­тайым оқиғалардан қызметкерді міндетті сақтандыру енгі­зіл­ді. Нәтижесінде, жұмыс істейтін азаматтар еңбек қабілетінен айрылу жағдайы бойынша әлеу­мет­тік қа­тер туындағанда үш деңгейден: республикалық бюд­жеттен берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақы, міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесінен әлеу­меттік тө­лемдер және сақтандыру ұйымы­нан берілетін сақ­тандырудан тұ­ратын төлемдер алатын болды.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде балалы от­басыларды әлеуметтік қолдау мәселесі ерекше орын­да тұр. Балалы отбасы­лардың мемлекеттік әлеуметтік қол­дауға деген және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ең төменгі әлеуметтік стандарт­тардың сақталуына құқықтары сол саланы реттейтін ұлттық заң­намада нақты көрсетілген.

Жұмыс істейтін әйелдерді әлеу­меттік қорғау мақ­са­тында 2008 жылы міндетті әлеуметтік сақ­тандыру жүйесі жүкті болу және босану, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу, сондай-ақ бала бір жасқа тол­ғанға дейін оның күтіміне байланысты табы­сынан ай­рылу жағдайы қатерін сақтандырумен толық­ты­рыл­ды.

Республикамыздың осы сала­дағы халықаралық стан­­дарттарды сақтау және орындау жолын ұста­на­тын­­дығының заңды әрі ло­гика­лық дәлелі ретінде Қазақ­­станның биылғы жылдың 14 ақпанында ХЕҰ ана­ны қорғау конвенциясын ратификациялауын алу­ға болады.

Қосымша әлеуметтік жаңғыр­тудың негізгі ере­же­леріне сәйкес біздің жұмысымыз өндірістегі бел­сенді жұмыспен айналысуды отбасылық міндеттемелермен үй­лестіруге мүмкіндік беретін көп балалы отбасы­ларды әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағыттал­ған­дығын атап өту қажет.

Жалпы, Қазақстанда басты даму көрсеткіштерінің бірі бала туу көрсеткішінің өсуі болып сана­ла­ды. Егер 2007 жылы 316 822 бала өмір есігін ашқан болса, 2011 жылы 372 208 бала, ал биылғы жыл­дың бірінші тоқ­санында дү­ние­ге келген баланың саны 187 387-ні құ­ра­ды, бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыс­тыр­ғанда 28 274 балаға көп дегенді білдіреді. Бұл көр­сет­кіш Қазақстан халқының мемлекеттің әлеуметтік саясатын толық қол­дайтындығының және келешекке се­нім­ділікпен қарайтындығының айқын дәлелі болып табылады.

Республикамызда мүмкіндік­тері шектеулі адам­дар­­ды әлеумет­тік қорғау жүйесі де қарқынды дамы­тылуда. Мүгедектердің құ­қық­тарын қорғау жұмыс­тары­ның тиімділігін арттыру үшін Қазақ­стан 2008 жылы Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және Факультативтік хаттамаға қол қоя отырып мүмкіндіктері шек­теулі адамдарға қатысты ха­лық­аралық стандарттарды имплементациялау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды.

Мемлекеттің алдында әлеу­меттік жәрдем­ақы­лар­ды уақты­лы төлеу мәселесі тұрған болса, қа­зіргі кезде бұл міндет кеңей­тіліп, мүмкіндіктері шектеулі адам­дарды оңалту және оларды қоғамға толық кіріктіруді қамти­ды. Әлеуметтік жаңғырту аясында арнау­лы әлеуметтік қызмет көр­сету жүйесін реформалауды жал­ғас­тырып, мемлекеттік қатысудың қосымша ша­ра­ларының және ла­йық­ты өмір сүру үшін өзге де жағ­­дай жасаудың пәр­мен­ді нысан­дарының негізінде азаматтардың әлеу­мет­тік тұрғыдан осал топ­тарын қол­дау жүйесін кеңейту мәселелерін қарастырудамыз.

Алайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, «мемлекет – шет­сіз-шексіз донор емес». Ол «шы­ны­мен мұқ­­таж адамдарға ғана көмек қолын созатын болады. Аза­маттар өзінің қолынан келетін шаруаны өзі ат­қаруға тиіс». Әлеу­меттік қолдаудың міндеті «азамат­тардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық бел­сенділігін ояту­ға» бағытталып отыр.

Біздің ойымызша, әлеуметтік жаңғыртуды іске асы­рудың ең маңызды басымдығы әрбір Қа­зақстан азаматының жалпыға ортақ еңбек қоғамының идеясын жетік ұғынуы және осының негізінде оны іске асыруға белсене қатысу арқылы жаңа әлеуметтік саясатты қолдауы болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық жаң­ғырту тұғырнама­сында жаңа әлеуметтік саясатты қалыптасты­ру Қазақ­станның әлемнің дамыған 50-елінің қатарына енуі жөніндегі жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін халықтың одан әрі жұмыла еңбек етуіне бағытталған.

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА,

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі.