Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:17
Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті өткізген брифингте белгілі болғандай, жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесіне қарсы тұру мақсатында 13 қылмыстық іс қозғалған. Солардың бірі жуырда әшкереленген. Атап айтқанда, «Клуб спортивного покера» ЖШС-нің ойын залынан 3 покер үстелі, 5000 фишка, 94 қарт және 114,6 мың теңге қаражат тәркіленген. Баспасөз хатшысы Нұрлан Жахинның айтуынша, жедел іздестіру шаралары барысында автовокзал аумағындағы заңсыз ойын автоматтары залы қызметінің жолы кесілген. Одан 20 ойын автоматтары, 86 мың теңге алынып, жеке кәсіпкерге байланысты қылмыстық іс қозғалған. «Территория Интернета» интерактивтік клубында интернетке шығу деген желеумен онлайн-казино қызметі ұйымдастырылған. Компьютердің 125 жүйелік блогы мен 430 мың теңге тәркіленіп, кінәлі тұлғалар жазаға тартылды.Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».Солтүстік Қазақстан облысы.