• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАЙ ТҰР

835 рет
көрсетілді

Апат айтып келмейді дейді. Әсіресе, сақтық шаралары тиісті дәрежеде қолға алынбаған кезде аппаттың қауіптілігі екі есе арта түседі. Соның бірі Астана қаласында соңғы кездері өрт жиілеп кетті. Өткен аптаның өзінде Алматы ауданы бойынша 9 өрт оқиғасы тіркелді. Мәселен, ақпан айының аяғында өртке қарсы қызмет бөлімінің жедел басқару орталығына Ақан сері көшесіндегі жеке тұрған жер үйде өрт шыққандығы туралы хабар түсті. Бірақ хабар кеш түскен соң өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде жалын 20 шаршы метр көлемді шарпып үлгерген екен. Өкінішке орай, тілсіз жау 5 адамның өмірін жалмап кетті. Ал жалпы соңғы 2 айда Астанада 182 өрт тіркеліп, 11 адам қаза тапты, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17 пайзға көп деген сөз. Өрт оқиғасынан туындаған адам өлімі де был­тыр­ғы жылмен салыс­тыр­ғанда 80 пайызға артып отыр. Өрттің басты себептері электр құралдарын орнату нормаларының бұзылуы, пеш жаққан кезде өрт қауіпсіздігі шараларының сақталмауы және абайламау салдары болып отыр. Көпшілік өрт қауіпсіздік ережесіне немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан елордада жер үйлерде тұр­ғындардың иісті газдан уланып ауруханаларға түсуі, қаза болу фактілері де көбейіп кетті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Астана қаласының тұрғындарына өрт оқиғасы болған жағдайда азаматтардың қандай шаралар қолдану және электр құралдары мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін түсіндіру мақсатында 1 ақпан мен 1 сәуір аралығында Алматы ауданының тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізуді қолға алды. Авторы: Серік БЕЙСЕМБЕКОВ, Астана ТЖД Алматы ауданының аға инженері.