• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Қараша, 2012

Алаяқтардың аттары жұртшылыққа жария етіліп отыруы керек

289 рет
көрсетілді

Алаяқтардың аттары жұртшылыққа жария етіліп отыруы керек

Жұма, 23 қараша 2012 7:23

Кеше Орал қаласында «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Онда аймақтағы осындай мазмұндағы кеңестің төрағасы Ақсерік Әйтімов баяндама жасап, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі істелген істер мен алда тұрған міндеттер жөнінде баяндама жасады. Бұдан соң облыстағы бірқатар «Нұр Отан» ХДП мүшелері сөз алып, жемқорлықпен күрес бүкілхалықтық іс екеніне тоқталды.

 

Жұма, 23 қараша 2012 7:23

Кеше Орал қаласында «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы мен жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Онда аймақтағы осындай мазмұндағы кеңестің төрағасы Ақсерік Әйтімов баяндама жасап, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі істелген істер мен алда тұрған міндеттер жөнінде баяндама жасады. Бұдан соң облыстағы бірқатар «Нұр Отан» ХДП мүшелері сөз алып, жемқорлықпен күрес бүкілхалықтық іс екеніне тоқталды.

Форумда Парламент Сена­ты­ның депутаты, «Нұр Отан» ХДП Жемқорлыққа қарсы күрес жө­нін­дегі қоғамдық кеңестің төр­аға­сы Оралбай Әбдікәрімов тө­мен­­де­гідей мәселелерге тоқталды.Алдыңғы жылдармен салыс­ты­ра қарағанда, қазақстандық қо­ғамда сыбайлас жемқор­лық­пен күрес күшейіп келеді. Оның басты көрінісі жемқорлық си­пат­тағы қылмыстардың көбірек ашылғаны деуге болады. Осы­ның алдында өмірге келген қо­ғам­дық қозғалыс құру идеясы бүгінде нақты іске айналып, түп-тамырын тереңге тарта білді. Рес­публикада қоғамдық-азамат­тық институттар арасын­да жа­сал­ған меморандумға сәй­кес, атал­ған күреске тарты­лу­шы­лар саны да жылдан жылға артып келеді.Бүгінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында жемқорлық­пен күресте тиімді заңнамалық базасы бар ел болып саналады. Сондықтан да елімізде аталған әлеуметтік індетті ауыздықтау жүйелі сипатқа ие. Соған қа­рамастан, жемқорлық көрініс­те­рі азаймай келеді. Бұл, түптеп келгенде, мемлекетіміздің алға қарай дамуын тежеп, тіпті кей жағдайларда елдің қауіпсіздігіне қатер төндіруі де мүмкін, деп атап көрсетті кеңес төрағасы.Бұл үшін елімізде оған қа­жет­ті алғышарттардың бәрі де жасалған. Ендігі жерде осы ба­ғыттағы күрестегі тұрғын­дар­дың сергектігі мен сана-сезімі биік, жоғары деңгей мен сипатта болса, ортақ іс нәтижелірек болар еді. Мұның өзі бірін бірі байытып толықтыра түсетін кешенді шаралар шоғыры деген сөз. Соңғы кезде Мемлекеттік қыз­мет туралы Заңға тиісті өз­герістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі қадамдар күн тәр­тібіне қойылуының күрестің пәрменділігін күшейте түсуге септігін тигізері анық.Қарапайым тұрғындардың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін орнықтырудың бас­ты бір жолы олардың табыстары жөніндегі декларацияны жария­лауы болып табылады. Өкінішке қарай, бұл мәселе республикада жаппай өріс ала алай отыр деді бұдан әрі О.Әбдікәрімов. Дегенмен, Орал өңірінде бұл мәселеде құптарлық қадамдар бар екеніне де көз жеткізіп отырмыз. Мұнда жүйеге ене бастаған «Өзіңнен баста!» акциясы ашықтық пен жариялылық ісіндегі лайықты қа­дам болып табылады. Жем­қор­лыққа қарсы күрес жөніндегі жаңа заңнама жобасы мұндай әдістерді жан-жақты өрістету мен тереңдете түсуді көздейді. Бұл іргелі құжат тұтастай елі­міз­дің жемқорлыққа қарсы күрес саясатын айқындай алады. Оның тағы бір басты бағдары мен өміршеңдігі қоғамдық институттар корпусына арқа сүйеуінде.Сондай-ақ, Оралбай Әбді­кә­рімов еліміздегі жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған әртүрлі басқосулар мен форумдарда көбіне шартты түрдегі деректер ғана тізбектеліп, ешкім­нің нақты аты-жөні атал­май­тынын атап көрсетті. Мұндай жағдайда жемқорлықпен күрес тиімді нәтиже бере алмайды, деп түйін жасады ол. Бірқатар мемлекеттерде жемқорлық қыл­мыс­қа жол берді екен, ол мемлекеттік лауазым иесі отставкаға кетеді. Еліміз бұл деңгейге әзір­ге жете алмай отыр. Алайда тү­бін­­де осындай көзқарас үстем түсуге тиіс.Сөзінің соңында сенатор «Нұр Отан» ХДП Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әб­ді­кәрімов сыбайлас жемқор­лық­пен күресте Батыс Қазақстан облысы жүйелі жұмыс істейтін аймақтар қатарынан орын алатынына сенім білдірді.«Жаңғырту мен жемқорлық – үйлеспес ұғымдар» атты «Нұр Отан» ХДП облыстық форумы талқыланған мәселелер бо­йын­ша тиісті ұсынымдар қабылдады.Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан».