• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
12 Наурыз, 2010

САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ МӘЖІЛІСІ

760 рет
көрсетілді

11 наурызда Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылар кеңесінің мәжілісі болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес Қазақстандағы діни ахуал мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру мәселелері қаралды. Алғашқы мәселе бойынша философия ғылымдарының док­торы, профессор А.Коси­чен­ко мен саяси ғылымдар кандидаты Ш.Әмірбеков сөз сөй­леді. Сарапшылар жекеле­ген діни ұйымдардың кері іс-әрекеттерімен байланысты қа­тер­лер мен проблемалар бой көр­сетіп отырғанын атап көрсетті. Екінші мәселе бойынша саяси ғылымдар докторы Е.Алия­ров пен әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Г.Елеуова баяндама жасады. Пікірталас барысында ғалым­дар демография мен миграция салаларында оң өзгерістермен қатар, кері факторлар бар екеніне де назар аударды. Мәжілісті қорытындылай келіп, Сарапшылар кеңесінің төрағасы М.Тәжин еліміздегі діни жағдайлардың дамуына жан-жақты және кешенді са­рап­тама жасап, ғылыми-сарап­шылар қауымын тарту жол­дары­мен миграциялық және демографиялық саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар түзу қажеттігін атап көрсетті. Қауіпсіздік Кеңесі жанын­дағы Сарапшылар кеңесі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ғылыми-әдісте­мелік ұсынымдарды жасау мақсатында ғылыми-сарапта­ма­лық зерттеу жұмыстарымен айналысатын ғылыми-консуль­тативтік орган болып табылады. Кеңеске жетекші ғалымдар, сарапшылар, ғылыми-зерттеу ор­талықтары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мүше. Талқылау барысында Са­рап­шылар кеңесі күн тәрті­бін­дегі мәселелер бойынша ұсы­нымдар берді. Енді олар Қа­зақ­стан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында пайдала­ны­латын болады. Дерек көзі: “Егемен-ақпарат”.