• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2012

Аты-жөніңіз қалай?

1235 рет
көрсетілді

Аты-жөніңіз қалай?

Бейсенбі, 8 қараша 2012 7:17

Бүгінде ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін жазуда бірізділік сақталмай отыр. Тіпті, осы рә­сімге «-овты, -евті» алып тас­таған соң, әкесінің аты, өзінің аты қайсы екенін білмей шатастырып ала­мыз деп қарсы өре түрегелетіндер, қа­зіргі «орысша» дәстүр­де жазылған ныс­­пысынан айы­рылғысы келмейтіндер де жеткілікті. Аты-жөнді жазуда грам­мати­ка­лық қатесі­не байланысты да шұ­барлық жетіп-артылады. Қайт­кенде де азамат­тар­дың аты-жөні қазақ ті­лінің заңды­лығына бағынуы керек. Сон­дық­тан тіл мамандары, ғалым­дар дайын­даған «Қа­зақ азамат­тарының аты-жөнде­рі­нің ем­ле­сі жайлы» нұсқау­лық­ты ғалымдар тал­қылады. Оған Қоста­най­дағы зиялы қа­уым өкілдері де өз пікір­лерін қосты.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің профессоры Жантас Жақып модераторлық еткен дөң­гелек үстел мәжілісіне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универси­те­тінің ғалым­дары Б.Әбдіуәлиұлы, Ж.Аға­­­бекова, Ха­лықаралық бизнес ака­де­миясының профессоры С.Иманбердиева, А.Байтұрсынов атын­дағы Тіл білімі институтының ономастика бөлімінің меңгерушісі Қ.Рысберген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Оно­­мастика­лық хабаршы» бюллетенінің редакторы С.Шүкірұлы, Қостанай педагогика инс­титутының профессоры А.Кү­зем­бай­ұлы, М.Дулати атындағы Тараз мем­ле­кеттік университетінің доценті З.Құла­ма­нова қатысты. Олар қазақ азамат­та­рының аты-жөніндегі жазылуын бірізді­лік­ке түсі­рудегі түйткілдерді тілге тиек етті. Аты-жөніміздің жазылуын дұ­рыс­тау тұрғы­сында айтар ой көп. Алдымен, адам аттарын жазуда грамматикалық емле ереже­лері сақталмайды. Ғалымдар бір «Әй­ге­рім» деген аттың 14 түрлі жазылып жүр­генін айтты. Бұл қазақша сауатының жет­пейтіндігінен емес, ұлттық сананың ақсауынан туып отыр­ған көрініс екенінде сөз жоқ. Көптеген есімдерде, мысалы, «Сә­лима – Салима» деген сияқты «ә» әрпінің орнына «а» әрпі жазылады. Ға­лымдар «ә » әрпі аты-жөнімізге ұлттық реңк беретінін ес­кертті. Ат қоюда қазекем еліктеу-солық­таудан әлі арылып болған жоқ. Баяғы «Колхозбек, Совхозбек, Шофер» деп ат қойған қазақ, бүгінде де көңіл-күйдің көк дөненін тоқтатпай, жаңа туған нә­рестені «Саммитхан» деп атап жіберді. Қыз балаларға Бразилияның, тү­ріктің көп сериялы фильмдеріндегі кейіп­керлердің, өзге ұлттар атын немесе «Аяна, Даяна» сияқты мән-мағынасыз есім­дер беру көбейіп кетті.– Кісі аты – мәдени мұра, – деді Жан­тас Жақып. – Бала – бүгін нәресте, ертең – еліміздің азаматы. Бала тағ­­дыры­мен ой­науға болмайды. Сон­дық­тан оған ла­йық­ты, ұлттық бояуымыз білініп тұратындай ат берген мақұл.Аты-жөнімізді бірізді жазуға байланысты отарлық психологиядан әлі батпақтап шыға алмай жүргеніміз жөнінде ақын Ақылбек Шаяхметтің де өз пікірі бар.Фамилияны жазуда да бірізділік жоқ. Оның үстіне «бояушы дегенге са­­қалын бояп», ныспысының алдына араб тілінен кіріккен «әл» деген артиклді қосатындар немесе ныспысы етіп алған атасының біріккен сөзден тұратын есімін бас әріптермен бөліп жазатындар кездеседі. Нұсқаулықты талдай келе, мәжіліске қатысқандар қазақ азаматта­рының аты-жөнін «Арман Қалабекұлы Оспан» деп үш мүшеден бе, әлде «Арман Қалабекұлы» деп екі мүшеден жазу керек пе?» деген мәселені талқылады. Сонымен қатар, бірізділік болу үшін адамның аты бірінші, фамилиясы екін­ші жазылу керектігі де айтылды.Міне, нұсқаулықтың төртінші тал­қылануында аты-жөнімізге байланысты көптеген мәселелер көтерілді. Нұс­қау­лықты иін қандыра талқылап, барлық өзгерістер толық енгізілген соң, ол ал­дағы уақытта құжаттармен жұмыс істей­тін мемлекеттік қызмет көрсету орындарына таратып берілетін болады.Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан».ҚОСТАНАЙ.