• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Қараша, 2012

Алтайда – аяз

373 рет
көрсетілді

Алтайда – аяз

Сенбі, 10 қараша 2012 7:03

Аптаның басынан Алтайда ауа-райы күрт өзгерді. Алдымен екі күн бойы жаңбыр жауып, арты қарға ұлас­ты. Қар болғанда да толассыз үш күн жауды. Зырянда қардың қалың­дығы – 35, Марқакөл көлі маңында 47 сантиметрге дейін жетті. Көктайғақ сал­да­ры­нан үш көлік апатынан алты адам қаза тауып, тағы осыншама кісі жарақат алған.

Екі күннен бері ауа райы күрт суыды. Бейсенбі күні күндіз –13-14, түнде -20-ға, ал бүгін -24, кей жерлерде – 30-дан асты. Алайда, тілшілер қо­сынына телефон шалған оқырман­да­ры­мыз кейбір республикалық телеар­налардың ауаның температурасы жай­лы шындыққа сай емес хабар тара­таты­ны­на алаңдаушылық білдіруде. Шы­нын­да да, міне, үш күн болды, «Хабар» арнасы Өскеменде күндіз +5, түнде -9 деуден бір танар емес. Ал іс жүзінде Алтайды қатты аяз буып тұр.Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».             Шығыс Қазақстан облысы.