• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2012

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №4/159

303 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысы №4/159

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 8:47

2012 жылғы 10 қаңтар, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы­ның 89-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес партиялық тізімге енгізілген адамдардың және олардың зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуына байланысты

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 8:47

2012 жылғы 10 қаңтар, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы­ның 89-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына сәйкес партиялық тізімге енгізілген адамдардың және олардың зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігінің анықталуына байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына мынадай өзгерістер енгізілсін:1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­­­миссиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 65/122 қаулысымен бекітілген «Нұр Отан» Ха­лықтық Демократиялық партиясының партиялық тізіміндегі:Бобров Владимир Яковлевич алынып тасталсын;2) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау ко­­­мис­сиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 67/126 қаулысымен бекітілген Жалпыұлттық со­циал-демократиялық партияның партиялық тізі­міндегі:Әбілов Болат Мұқышұлы, Ерғалиева Гүлжан Хамитқызы алынып тасталсын;3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 10 желтоқсандағы № 69/128 қаулысымен бекітілген «Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының партиялық тізіміндегі:Әбуов Қуаныш Қабиденұлы алынып тасталсын;4) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 71/130 қаулысымен бекітілген «Әділет» Демокра­тиялық партиясының партиялық тізіміндегі:Жұтаев Махаббат Сағынбайұлы алынып тас­тал­сын;5) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 71/131 қаулысымен бекітілген Қазақстан Патриоттары Партиясының партиялық тізіміндегі:Қайып Дәурен Әлімбекұлы алынып тасталсын.2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы  Б.МЕЛДЕШОВ.