Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:02
Игіліктің ерте-кеші жоқ дейді халқымыз. Өткен жылы жүз жылдығы кеңінен аталып өткен арқалы ақын Қасым Аманжоловқа Орал қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылуы осы бір халық нақылын еске салғандай еді. Бұл игі шараға Орал өңіріндегі зиялы қауым өкілдері, студенттер мен жастар қатысты.Қасым Аманжоловтың туған жері Қарағанды облысының Қарқаралы өңірі болғанымен, поэзия пірінің жалынды жастық шағы Орал қаласында өткені белгілі. Ол мұнда «Өртке тиген дауылдай» жырларын жазды. Жастықтың қызуы мен өлеңінің оты, «махаббаттың ыстық лебі» ақын шабытының шоғын одан әрі қоздатқаны анық еді.
Бейсенбі, 19 қаңтар 2012 7:02
Игіліктің ерте-кеші жоқ дейді халқымыз. Өткен жылы жүз жылдығы кеңінен аталып өткен арқалы ақын Қасым Аманжоловқа Орал қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта қойылуы осы бір халық нақылын еске салғандай еді. Бұл игі шараға Орал өңіріндегі зиялы қауым өкілдері, студенттер мен жастар қатысты.Қасым Аманжоловтың туған жері Қарағанды облысының Қарқаралы өңірі болғанымен, поэзия пірінің жалынды жастық шағы Орал қаласында өткені белгілі. Ол мұнда «Өртке тиген дауылдай» жырларын жазды. Жастықтың қызуы мен өлеңінің оты, «махаббаттың ыстық лебі» ақын шабытының шоғын одан әрі қоздатқаны анық еді.
– Осы бір шағын үйде өмірінің ең бір қызықты да, алаңсыз шағын өткізіп, өлмейтін, өшпейтін жырлар жазып кеткенін ұмытпау үшін де ескерткіш тақта қойылғаны қандай жақсы болды. Бұл біріншіден, ұлтымыздың келешегі – жастарға қажет. Өйткені, поэзиямыздың қадыр-қасиетін үлгі ету арқылы біз олардың бойында отанды сүю, әдебиетімізді құрметтеу және ұлт ақының қастерлеу сезімдерін оята аламыз, – деді аталған рәсімде ақын Ақұштап Бақтыгереева.Дәл осы мәселеге қатысты екінші бір жәйтті де айта кетудің реті келіп тұрғандай. Соғысқа дейін Қасым Аманжолов тұрған Карьев көшесі №37 үйді сексенінші жылдардың бас кезінде өзімізбен араласып-құраласып тұратын азамат, талантты актер Қабдылмәжит Имановтың әкесі, Ұлы Отан соғысының ардагері Сүндет Иманов ақсақал сатып алып кіргені бізге белгілі болатын. Одан кейінгі жағдай, әрине, белгілі емес пе? Ол үйге барып тұратынбыз. Кейіннен әкелі-балалы Сүндет жане Қабдылмәжит Имановтар әбден ескіріп, күйі қашқан үйге күрделі жөндеу жүргізгеніне де куә болғанбыз. Бүгінде Сүндет аға өмірден озған. Майдангердің ұлы Қабдылмәжит Иманов қызмет бабымен қоныс аударып, Қостанай облыстық қазақ драма театрына ауысып кетті. Бұл үйде қазір оның қарындасы тұрып жатыр. Ақын рухына тағзым ете отырып, Қасым тұрған үйді қайтадан жаңғыртқаны үшін әкелі-балалы Имановтар ризашылық сезіміне әбден лайықты деп білеміз. Тіпті мейлі бұл іс өздері үшін жасалған болса да.Дәл осы күні Қазақстанның көне де жаңа қаласы Оралда тағы бір ескерткіш тақта ашылды. Мұның да Қасым ақынға тікелей қатысы бар. Сонау отызыншы жылдардың бас кезінде бүгінгі облыстық Орал өңірі сол кездегі «Екпінді құрылыс» газетінің редакциясында ақындар Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұмағалиев тізе қосып қызмет атқарған. Осы ғимарат – қазіргі Ғұмар Қараш көшесіндегі №14 үй облыс орталығындағы тарихи орындардың бірі. Дәл осы үйде поэзияның қос бірдей қаһарманына тағзым ретінде ескерткіш тақта ашылды. Кейіннен Қасым Абдолла Жұмағалиев жөнінде «Ақын өлімі туралы аңыз» деген асқақ поэма жазғаны қазақ әдебиетінің тарихынан мәлім. Бұл рәсімде ақын Қайрат Жұмағалиев өз ой-түйінін былайша жеткізді.– Қадырменді қауым, бүгінгі біткен істі тек Батыс Қазақстан аумағымен шектей салуға болмайды. Бұл игі шара тұтас еліміздің әдеби-рухани өміріне ортақ деп білеміз. Абдолла ағамыз «Ей, қазақтың баласы көтерші бір басыңды» деп бүкіл әлемге жар салған рухы биік өр тұлға. Осындай суреткермен тағдырымның тоғысқан жері де бар. Мен алғаш рет Алматыға барғаннан кейін Абдолла Жұмағалиев тұрған Алматы қаласындағы қазіргі Қонаев көшесі №29 үйге кірдім, кейін «Жазушы» баспасында қызмет істедім. А.Жұмағалиев те осында еңбек етіпті. Ол кезде бұл орын қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы деп аталатын. Бұл мақтан тұтуға тұрарлық әңгіме деп санаймын. Абдолла ақын рухы халқымен мәңгі жасай берсін.Темір ҚҰСАЙЫН.Орал.