• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
19 Сәуір, 2012

Үш алтын жүлдеден үміт бар

279 рет
көрсетілді

Үш алтын жүлдеден үміт бар

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:36

Олимпиадаға 99 күн қалды

Осы аптада Үкімет үйінде Қа­зақ­стан спортшыларының биыл­ғы ХХХ Жазғы Олим­пия ойындарына дайындығы қаралды.

Бұл мәселе бойынша Спорт және де­нешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев баяндама жасап, Олим­пиадаға жолдама алған спортшылар мен бап­керлердің дайындығы туралы хабарлады.

 

Бейсенбі, 19 сәуір 2012 7:36

Олимпиадаға 99 күн қалды

Осы аптада Үкімет үйінде Қа­зақ­стан спортшыларының биыл­ғы ХХХ Жазғы Олим­пия ойындарына дайындығы қаралды.

Бұл мәселе бойынша Спорт және де­нешынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев баяндама жасап, Олим­пиадаға жолдама алған спортшылар мен бап­керлердің дайындығы туралы хабарлады.

Жиында агенттік төрағасы алдымен ли­цензияға ие болған спортшылармен таныс­тырды. Қазір біздің қыз-жігіттеріміз жа­рыстың 16 түрінен 74 жолдаманы иеленуде. Осылардың ішіндегі ең көбін су добынан ұлттық құрамамыз жеңіп алды. Бұл жол­даманы олар биыл Жапонияның Чиба қаласында өткен Азия чемпионатында ие­лен­ді. Сол кезде Сергей Дроздов жаттық­тыратын біздің ерлер құрамасы бірінші орын алып, Лондон Олимпиадасына бері­ле­тін жалқы жолдамаға ие болды. Осы жер­де айтатын нәрсе, бұл бәсекеде біздің жігіттермен бірге қыздарымыз да бақ сы­насқан еді. Алайда, олардан гөрі жігіт­тер­дің жолы болды. Сөйтіп, біздің ерлер құ­рамасы Бейжің Олимпиадасына ала алма­ған лицензияны иеленіп, енді 13 адам болып Лондон төрінде өзге елдердің мық­тыларымен күш сынасады.

Жалпы, Олимпиадаға жолдамалар саны көп ретте осындай су добы сияқты ко­ман­далық спорт түрлерінен лицензия иеленген ұжымдарға байланысты болады. Мәселен, Бейжің Олимпиадасында отандастарымыз спорттың 23 түрінен 100-ден астам жолда­маға ие болды десек, соның біразы гандбол (14), волейбол (12) сияқты спорт түр­ле­рі мен жеңіл атлетика (19), суға жүзу (12), бокс (10), ауыр атлетика (9) сынды жарыстарда еншілеген лицензияларға байланысты болғаны белгілі. Десек те, қазіргі жағдайымыз да жаман емес. Алда әлі 9 шілдеге дейін спорттың 25 түрінен жолдамалар сарапқа салынады. Сол кезде біздің қыз-жігіттеріміздің қамшыны басып, Лон­донға баратын әріптестерінің қатарын толтыратынына сенгіміз келеді. Ал әзірше қолда 74, ойда 100-ден аса жолдама бар. Осы жерде бір әттеген-айын да айтсақ дей­міз. Біздің жаңа айтқан гандбол, волейболдан Бейжіңге барған ұлттық құрама­ла­ры­мыз бұл жолы Тұманды Альбионда өтетін Олимпиадаға қатыса алмайды. Лицензия­лық жарыстарда жеңілген олардың жолы осылай бөгелді. Біздің елден көп лицензия алғандардың бірі – жеңіл атлетшілеріміз болып отыр. Ольга Рыпакова, Дмитрий Карпов бастаған атлеттеріміз 12 жолдамаға иелік етуде. Бұл сынға Солтүстік Қазақ­стан облысынан ерлі-зайыпты Ирина мен Евгений Эктовтардың және болашағынан көп үміт күттіретін Айман Қожахметова­ның да қатысатындарын атап өткен жөн. Жалпы, мұндай оқиғалар Олимпия ойындарында жиі бола бермейді. Кешегі Кеңес Одағы кезінде де ерлі-зайыпты спортшылар бір елдің атынан төртжылдықтың басты бәсекесіне көп шыға бермейтін еді. Ал мына оқиға Қа­зақстан спортының шежі­ресіне жазылатын оқиға болғалы отыр. Одан кейін Олимпиа­даға бапкер Мырза­ғали Айтжановтың бокс­тан ұлттық құра­масы – 9, Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло си­яқты зілтеміршілеріміз жарысқа 8 лицензияны иеленуде. Біздің еркін, грек-рим күресінің балуандары да бес-алты жолдаманы жеңіп алды. Әйтсе де, олардың қоржынды толтыруға әлі мүм­кіндіктері бар. Осы орайда, жиында агент­тік төр­ағасы спортшыларымыздың алдағы үш айда, яғни 9 шілдеге дейін өтетін жарыстарда жолдамалар санын көбейту үшін бар күш-жігерлерін салатындарын айтты. Сондай-ақ, ол қыз-жігіттеріміздің алдына лицензияны алып қоймай, Олимпиадада жоғары нәтиже көрсетуге міндет қойылып отыр­ғанын жеткізді. Мұнда Т.Ермегияев биыл­ғы Олимпиадада спортшыларға ке­мін­де 3 алтын жүлдені жеңіп алу міндеті жүк­телгенін, ал жалпы, еліміз Лондон тө­рінде 13-тен астам медаль ұтып алуды жос­парлап жатқанын, бұл нәтиже жалпы­ко­мандалық есепте үздік 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Осы ретте ол ауыр атлетика, грек-рим, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо мен боксқа аса зор үміт артылып отарғанын атап өтті. Оның айтуынша, спорттың бұл түрлерінен Қазақстан Олимпиада сайын құрмет тұғы­рынан көрініп келеді. Олар біздің дәстүрлі үміт артатын спорт түрлеріне айналған. Сондықтан бұл жолғы жарыста да еліміз нақ осы спорт түрлеріне басымдық беріп, солардан алтын медаль мен басқа да жүлделі орындарды күтетін болады. Десек те, Т.Ермегияев жиында спортшылардың Олимпиадаға дайындығы жоспарлы, жүйе­лі түрде жүргізіліп жатқанымен, Үкімет тарапынан қосымша қаржы керектігін айтты. Осыған орай ол Үкіметтен Лондон Олимпиадасына спортшыларды дайындау­ға қосымша 997 млн. теңге сұрады. Оның айтуынша, агенттік «Самұрық-Қазына» қорымен Олимпиадаға спортшыларды дайындау үшін осыншама көлемде қаржы­лан­дыру мәселесін әзірлеген. Агенттік төраға­сы осы мәселеге байланысты Үкімет басшысына бастаманы қолдауды өтініп, мұн­дай тәжірибенің әлемнің барлық спорттық державаларында қолданылатынын жеткіз­ді. Тағы бір айтатын нәрсе, бізде Олим­пиадаға көбіне 6 өңірдің өкілдерінің баратыны белгілі. Мысалы, Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан Олим­пиадаға спортшылардың 60 пайызы барса, қалған облыстардан жарысқа 40 пайыз ғана спортшылар қатысады. Жиында осы мәселе де сөз болып, Т.Ермегияев өзге өңірлерге Олимпиадаға қатысатын спортшылардың санын көбейту керектігін ескертті. Сонымен бірге ол допингке қарсы ұлттық орталықты құру мәселесін де көтеріп, қазір осындай медициналық орданың болмауынан спортшылардың жарыстарға дайын­ды­ғында біраз қиындықтар болып жатқанын, сондықтан, мұндай орталық биыл болмаса да болашақта салынса деген тілегін білдірді.

Жиында тағы бір белгілі болған нәрсе, Лондон Олимпиадасында чемпион атанған спорт­шыға 250 мың АҚШ доллары берілетін болып шешілді. Бұл қомақты сыйақыдан бас­қа екінші орын алған отандастарымызға 150 мың, үшін­ші орын иегеріне 75 мың, төртінші орынға табан тірегенге 30 мың, бесінші орынды қан­жы­ғасына байлағанға 10 мың, ал алтыншы орынды қанағат тұтқанға 5 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілетіні хабарланды.

Сондай-ақ, жиында Лондон Олимпиадасына Қазақстан спортшыларының киімін белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділованың жасайтыны белгілі болды. Ол киім сары түс араласқан көгілдір түстен тігіледі екен.

Дастан КЕНЖАЛИН.