• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2012

Қазақ күресі: жүлденің бәрі бізде

319 рет
көрсетілді

Қазақ күресі: жүлденің бәрі бізде

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 6:47

Бразилияның Сан Пауло қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Бұл тұңғыш рет Атлант мұхитының ар жағында төл күресімізден өткен әлемдік додада Қазақстан құра­масы 3 алтын, 2 күміс, 9 қола жүлдеге ие болды.

 

Сейсенбі, 24 сәуір 2012 6:47

Бразилияның Сан Пауло қаласында қазақ күресінен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Бұл тұңғыш рет Атлант мұхитының ар жағында төл күресімізден өткен әлемдік додада Қазақстан құра­масы 3 алтын, 2 күміс, 9 қола жүлдеге ие болды.

Қазақ тарихында үнділердің атамекені саналатын Америка құр­лығында төл күресімізден әлем чемпионатын өткізу ешқа­шанда болмаған оқиға. Біздің қуанышымызға орай, бүгін біз­дің еліміз Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының прези­денті Серік Төкеев бастаған азаматтардың арқасында тұң­ғыш рет төл күресімізден әлем чем­пионатын өткізу мүмкі­н­ді­гіне ие болды.

Бұл сында 60 кило салмақта Төленбай Қасымхан, 70 килода Бекарыс Ғайнолла мен 90 килодан жоғары салмақта Еламан Қойшыбаев әлем чемпионы атанды.

Ал Бекболат Әбдіғазиев (70 кг.) пен Дәулет Ниетбай (60 кг.) екінші орын алса, Данияр Те­мірханов (70 кг.), Райымбек Рантаев (60 кг.) пен Жолдасбек Бек­тұрсынов (90 килодан жоғары) үшінші орынға табан тіреді.

Бразилияда өткен әлем чемпионаты кезінде 10 Америка елінде төл күресімізден федерациялар ашу жоспарланғаны бел­гілі. Бұл жаңалықты біз Дүние­жүзілік қазақ күресі федера­циясының президенті Серік Төкеев бастаған азаматтардың Сан-Паулодан келген кезде хабарласып, оқырманға жеткізетін боламыз.

Жалпы, биылғы жылы қазақ күресін дамытуға көп жұмыс­тардың істелініп жатқанын атап өтуге болады. Мәселен, төл кү­ресіміз 4-5 сәуір күндері Швей­царияның Велей қаласында өт­кен Халықаралық күрес түрлері қауымдастығының отырысында тұңғыш рет 2013 жылы Дү­ние­жүзілік студенттер ойында­ры­ның бағдарламасына енсе, ке­лесі жылы Ресейдің Санкт-Пе­тербург қаласында өтетін Спорт аккорд жарыстарының бағдар­ламасында да болатыны жарияланды.

Дүниежүзілік студенттер ойындары 70, 80, 90 және 90 килода жоғары салмақ дәрежесінде Татарстанның Қазан қаласында өтеді. Оған қазақ күресінен Азия, Еуропа, Африка мен Америка чемпионаттарында 1-4 орын алған балуандар мен төл күресімізден өтетін әлем чемпионатында 1-8 орынды иеленген спортшылар және бонус ретінде тегін жолдама алған бес елдің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, қазақ күресінен жарыстар биыл шілде айында Литваның Шяуляй қаласында өтетін Тафи ойындарының бағдарламасына еніп отыр.

Дастан КЕНЖАЛИН.