Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:40
Олимпиадаға 85 күн қалды
Лондон қаласы үшінші мәрте Жазғы Олимпия ойындарын өткізуге мүмкіндік алды. Бірақ, 1944 жылғы соғыстың әсері спортшылардың басқосуына кедергісін алып келген еді. Әйтсе де, Лондон үш рет Олимпиада өткізу арқылы әлемнің айтулы қалаларын артқа тастағалы отыр. Тіпті, Олимп отаны атанған Афинаның өзі бұл межені бағындырған емес. Бейбітшілік дегеніміз – Олимпиада. Мұнда барлық елдің таңдаулы спрортшылары мен жанкүйерлері қатысады. Байрақ тікке шаншылып, рух көкте қалықтайды. Ережемен бекітілген майдан алаңында спортшылар әділ түрде айқасқа түседі. Төрткүл дүние көз тігіп, әлем назар салады. Спортшылардың әлеуеті ғана емес, жүріс-тұрысы, киімі, жеңіс пен жеңіліс үстіндегі кейпі таразыға түсетін шақ.
Бейсенбі, 3 мамыр 2012 7:40
Олимпиадаға 85 күн қалды
Лондон қаласы үшінші мәрте Жазғы Олимпия ойындарын өткізуге мүмкіндік алды. Бірақ, 1944 жылғы соғыстың әсері спортшылардың басқосуына кедергісін алып келген еді. Әйтсе де, Лондон үш рет Олимпиада өткізу арқылы әлемнің айтулы қалаларын артқа тастағалы отыр. Тіпті, Олимп отаны атанған Афинаның өзі бұл межені бағындырған емес. Бейбітшілік дегеніміз – Олимпиада. Мұнда барлық елдің таңдаулы спрортшылары мен жанкүйерлері қатысады. Байрақ тікке шаншылып, рух көкте қалықтайды. Ережемен бекітілген майдан алаңында спортшылар әділ түрде айқасқа түседі. Төрткүл дүние көз тігіп, әлем назар салады. Спортшылардың әлеуеті ғана емес, жүріс-тұрысы, киімі, жеңіс пен жеңіліс үстіндегі кейпі таразыға түсетін шақ.
Спортшылардың барлығы атақ пен ақшаға зәру деу артығырақ. Бірақ, Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев Олимпиада алтынын алған спортшы 250 мың, күміс алғандар 150 мың, қола жүлдегерлер 75 мың, ал үздік алты спортшының қатарына енгендер 30 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады деген мәлімдеме жасады. Әрине, әр спортшы Олимп төрін бағындырсам дейді. Ал, Ресейде Олимпиада чемпионы атанғандарға – 130 мың, Украинада – 85 мың, Тәжікстанда 62 мың доллар сыйақы белгіленген. 2010 жылы футболдан әлем чемпионаты өтер алдында Испания басшылығы футболшылары жеңіске жеткен жағдайда бүкіл команда ұжымын ақшаның астына көмеміз деді. Германия мен Голландия басшылығы да футболшылары үшін қомақты сыйақы дайындады. Неге екені белгісіз, қара құрлықта алғашқы үштіктен аталмыш үш елдің командасы көрінді. Сыйақының қаншалықты рөл атқаратынын осыдан анық аңғаруға болады. Жеңімпаздарға жеке көрсетілетін құрмет пен мәртебе өз алдына.
Лондон Олимпиадасында қазақ спортшылары үшін тек өнер көрсету аздық етеді. Мәселен, әр спортшы Мемлекеттік әнұранды жатқа білуі тиіс. Осы мәселеге тоқталар болсақ, Лондонға жолдама алған спортшылардың 70 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Сол көпшіліктің мемлекеттік тілді меңгеру дәрежесі де төмен. Сондықтан спортшыларға жүлде алу міндетімен қоса, әнұранды жатқа білуі тиіс деген мәжбүрлік қатар жүктелуде.
Лондонда кемінде 3 алтын аламыз деген болжам бар. Яғни, мақсат – жүлделер жиынтығы бойынша алғашқы 30 мемлекеттің қатарына ену. Бірақ, біз күткен меже одан да биік. Жақында АҚШ сарапшылары қазақ спортшылары Лондонда 6 бірдей алтын жүлдеге қол жеткізуі мүмкін деген болжам жасады.
Бейжің Олимпиадасына 132 спортшы аттанып, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп еді. Ал, Лондонға 150 спортшының қатысу мүмкіндігі бар деген болжам күннен-күнге азайып барады. Дәл қазір Олимпиадаға бет алғандардың саны небәрі 79 ғана. Әйтсе де, Сидней төрінде қазақ спортшылары сан емес, сапаның таразыға түсетіндігін дәлелдеген еді.
Бүгінде Олимпия ойындары жоғары дәрежеде өткізіледі. Халықаралық жарыстың ашылуы мен жабылу салтанатына күллі әлем көз салады. Осы орайда спортшыларға көрік беретін, қай елдің түлегі екендігін айғақтайтын спорттық формасы да халық көңілінен шығуы тиіс. Қазақтың спортшысын да, жаттықтырушысын да көрген жұрт алыстан танитындай көрік беретін киім керек. Ол киімді кім тігеді? Мәселе осында.
Соңғы уақытта Қазақстанда Аида Қауменова мен Құралай Нұрқаділованың ұжымы ұлттық дизайн өнерінің өрісін кеңейтіп, әлемге танытып жатыр деуге болады. Бейжің Олимпиадасының салтанатты шеруіне Қазақстан спортшылары киіп шыққан форманы Құралай Нұрқаділованың дизайнерлері тіккен еді. Ал, спорттық киімдер – Аида Қауменова бастаған ұжымның сүбелі еңбегінің жемісі. Олимпиада талаптары бойынша спортшыларға арналған формаға тағы да байқау жарияланған-тын. Тендерлік комиссияның шешімімен бұл жолы да Құралай Нұрқаділованың жолы болды. Оның өнімі қай кездегідей ұлттық бояуға қанық әрі байрақ түстес көгілдір етіп тігіліпті. Әдеттегідей сары жолақтар да отандық дизайнердің өнімінен қалыс қалмаған.
Спортшының өнер көрсетуіне кез келген дүние әсерін тигізеді. Киген жейдесі немесе аяқ киімі дегендей. Спортшылардың бес қаруы түгел болуы үшін мақсаты биік, рухы күшті, дайындығы мығым, жейдесі көк, көздегені дөп түскені жөн.
Алау эстафетасы басталады
10 мамыр күні Грекияның ежелгі Олимп жерінде ХХХ Жазғы Олимпиялық ойындардың алауы тұтанады.
Бұл алауды бірінші болып алып жүру құрметіне Ұлыбританияда туған грек жүзгіші, былтыр 10 шақырымдық ашық суда жүзуден әлем чемпионы атанған Спирос Янниотис ие болды. Ол сол күні Олимпияның антикалық кешені аумағында «абыз қыздардың» бірінің қолынан алауды алады.
Грекиядағы алауды ұстап жүру уақыты 17 мамырға дейін созылып, одан кейін ол Лондондағы Олимпиялық комитетке тапсырылады. Сол кезден бастап, алау Олимпиаданың ашылу салтанатына дейін Англия, Шотландия, Солтүстік Ирландия мен Уэльсті аралап кетеді.
Күрес
Байдуашевте жолдама бар
Қытайдың Тайуан қаласында күрестүрлерінен өтіп жатқан турнирде еркінкүрестен 84 кило салмақтағы Азияойындарының жүлдегері ЕрмекБайдуашев Олимпиада жолдамасыниеленді.
Өкінішке қарай, осы турнирде 96 килодағы грек-рим күресінің балуаны Жасұлан Сыдықов пен 55 килодағы әйелдер күресінің өкілі Айжан Смағұлова жолдамадан тысқары қалды. Содан кейін грек-рим күресіндегі тағы бір балуанымыз Асхат Құдайбергенов те (55 кг.) жеңіліс тапты. Асхат алғашқы айналымда сүрінді.
Енді біздің балуандар ертең, 4 мамыр күні Финляндияның Хельсинки қаласында өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатында Лондон лицензиясын тағы да сарапқа салып көреді. Бұл барлық елдердің Олимпиадаға жолдама ала алмаған балуандарына берілген соңғы мүмкіндік.
Дзюдо
Есесін жазда қайтарады
Ташкентте дзюдодан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 1алтын, 1 күміс және 1 қола медальді иеленді. Осы сында алтын жүлденіСергей Лим, күмісті Гүлжан Исанова жеңіп алса, Виктор Демьяненко қолажүлдені қанағат тұтты.
Осылардың ішінде Сергей Лим мен Гүлжан Исанова үшін Олимпиада есігін айқара ашатын болады. Бұл жарыста 66 килодағы Лим барлық белдесулерін жақсы өткізіп, бірінші орынға көтерілсе, Исанова үшін жарыс анау айтқандай оңай болған жоқ. Ол финалда олимпиадалық рейтингтің екінші сатысында тұрған қытай Чин Киангке есе жіберді. Дегенмен, Гүлжан елге Олимпиадада қытай қызынан есені қайтарамын деп келіп отыр. Оның айтуынша, финалда күрескен қытайдың салмағы одан бірнеше есе ауыр болған. Сондықтан ол одан осымен екінші рет жеңіліс тапқан. Десек те, Исанова осы жеңілісіне еш өкінбейтін сияқты. «Ең бастысы – Лондонға жолдама қалтада, сол белдесуде қытай балуанын жеңуге тырысамын», дейді ол.
Академиялық ескек есу
Лондонға екі лицензия
Кореяның Чхунджу қаласында академиялық ескек есуден өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы екі жолдамаға ие болды.
Бұл сында біздің елімізден лицензияны Светлана Германович пен Владислав Яковлев иеленді. Алғашқы болып Германович намысты қолдан бермесе, жекелей сында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, Азия ойындарына қатысқан Яковлев те финалға шығып, үздік сегіздікке енді. Бұл – біздің академиялық ескек есушілердің алғашқы жолдамасы. Ал жалпы, осы турнирге Қазақстаннан 5 ескек есуші барған болатын. Осы бәсекеде біздің елден басқа Иран, Үндістан, Сянгань (Қытай) екі-екіден жолдама алса, Оңтүстік Корея, мен Жапония үш лицензиядан, Қытайлық Тайпей, Таиланд пен Вьетнам бір жолдамадан иеленді.
Бокс
Былғары қолғаптар тағы түйіседі
Осы аптада Алматыда бокстан ересектер арасындағы Президент Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды. Оған Қазақстан, Куба, Украина, Ресей, Үндістан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Алжир, Сирия мен Швециядан былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Біздің құрамада бұл сынға бірінші, екінші және үшінші нөмірлі боксшылар шығуда. Турнирдің алғашқы күні 10 боксшымыздың бәрі өз салмақтарында жеңіске жетті. Олардың ішінде кеше ғана Олимпиада лицензиясын иеленген Данияр Елеусінов, Данабек Сужанов болды. Ал кеше кешкісін рингке Қанат Әбутәліпов шығып, қолғап түйістірді.
Турнирге Ресей мен Украина боксшылары екінші және үшінші нөмірлі өкілдерімен келді. Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, осы турнир боксшыларымыз үшін маңызды. Бұл сынға еліміздің ұлттық құрамасы Астанадағы іріктеу турнирінен кейін Үндістан боксшыларымен жаттығып, жақсы дайындықпен келіп отыр.
Осы бәсекеден кейін боксшылар шілде айында Алматының маңындағы Ақбұлақ базасында жалпы жаттығуларын өткізіп, Олимпиадаға дайындықтарын тағы бір пысықтап алады. Бұл кездесу олардың Лондонға аттанар алдындағы соңғы жаттығулары болады.
Дайындаған Дастан КЕНЖАЛИН.