• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Мамыр, 2012

Бұрымды боксшылар бәсекелері басталды

265 рет
көрсетілді

Бұрымды боксшылар бәсекелері басталды

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:37

Бокс

Осы күндері Қытайдың Циньхуангдао қаласында бокстан тұңғыш рет қыздар арасында Олимпия ойындарына іріктеу әлем чемпионаты өтуде.

Оған біздің елден басқа, тағы 76 елдің боксшылары қатысуда. Барлығы Қытайға 343 спортшы келіп отыр. Соның ішінде Лондон Олимпиадасының жолдамасына таласатын қыздар саны – 127.

Биылғы әлем чемпионаты осымен жетінші рет өтуде. 2001 жылы басталған жарыстан бері қыздар арасынан 292 боксшы жүлдегер атаныпты. Осы уақытта 73 қыз алтын және күміс жүлдені иеленсе, 146 боксшыға қола медаль бұйырған.

Біздің ел осы чемпионатқа барлық он салмақ дәрежесінде қатысуда. Бір өкініштісі, жарыс басталысымен Жайна Шекербаева (51 кг.), Сәния Сұлтанқызы (57 кг.) мен Мөлдір Базарбаева (69 кг.) қарсыластарынан жеңілуге мәжбүр болды. Ал аға бапкер Вадим Присяжнюк жаттықтыратын құрамадағы Назым Қызайбай (48 кг.). Гүлжан Әкімова (54 кг.), Саида Хасенова (60 кг.), Фируза Шәріпова (64 кг.), Марина Вольнова (75 кг.), Дариға Шәкімова (81 кг.) мен 81 килодан жоғары салмақтағы Жұлдыз Маматқұлованың жарысты жалғастыруға әлі мүмкіндіктері бар. Соның ішінде қазақ тілін таза білетін Сыр бойының қызы Марина Вольнова мен Саида Хасенова ғана Олимпиада жолдамасына таласа алады.

Кеше 1/8 финалда Марина Вольнова мен Саида Хасенова қар­сыластарынан жеңіліп, жолдамадан қағылды. Дегенмен Воль­но­­ваның АІВА үлестіретін жолдамадан үміті бар.