Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:41
Олимпиадаға 64 күн қалды
Жалқы жолдаманы иеленді
Қытайдың Циньхуандао қаласында бокстан қыздар арасында өткен Олимпиадаға жолдама беретін әлем чемпионатында 60 килода шаршы алаңға шыққан Саида Хасенова спорттың осы түрінен Олимпиадаға қатысатын тұңғыш қазақ қызы атанды. Ал Жұлдыз Мамытқұлова күміс жүлдені иеленсе, Назым Қызайбай қола медальді қанағат тұтты.
Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:41
Олимпиадаға 64 күн қалды
Жалқы жолдаманы иеленді
Қытайдың Циньхуандао қаласында бокстан қыздар арасында өткен Олимпиадаға жолдама беретін әлем чемпионатында 60 килода шаршы алаңға шыққан Саида Хасенова спорттың осы түрінен Олимпиадаға қатысатын тұңғыш қазақ қызы атанды. Ал Жұлдыз Мамытқұлова күміс жүлдені иеленсе, Назым Қызайбай қола медальді қанағат тұтты.
Қазақта балуан қыздар болғанын білеміз. Қажымұқанның әжесі Айсары, Қажымұқанды састырған Дәусары аналарымыз алапай күштің иесі еді. Балуан Шолақтың қызы Бәтен де бұқаны мүйізінен бұрап құлататын балуан болған деседі. Бүгінде сол қарулы қаракөздеріміздің қатарын боксшы қыздарымыз толықтырып отыр.
Қазақ қыздарының былғары қолғап кигеніне 7 жыл ғана толды. 2005 жылы Атырауда өткен қыздар арасындағы республикалық жарысқа еліміздің әр түкпірінен небәрі 22 қыз жиналды. Араға бір жыл салып, Шымкенттегі додада бокспен кәсіби түрде шұғылданатын қыздардың саны 46-ға жеткенін көз көрді. 2007 жылы Көкшетауда шымылдығын көтерген жарыста шаршы алаңда 83 қыз қолғап түйістірді. 2011 жылы Астанада өткен Қазақстанның 7-ші біріншілігіне 205 қыз қатысып, еліміздің барлық облыстарынан кем дегенде бір қыздан шықты.
Әйелдер боксынан жеті жыл ішінде қол жеткізген әлемдік дәрежедегі жетістіктеріміз де жоқ емес. Мәселен, 2006 жылы Қытайдың Нингбо қаласында өткен әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева ІІІ орын иеленді. 2008 жылғы Азия біріншілігінде Жұлдызай Иманбаева ІІ орын алды. Оксана Королева, Дариға Шәкімова, Саида Хасенова сынды қыздар қола жүлдемен оралды. 2008 жылы әлем чемпионатында Елена Кольцова үздік үштіктен көрінді. 2009 жылы Ханойда (Вьетнам) өткен Азия біріншілігінде Саида Хасенова күміс, Дариға Шәкімова қола жүлдені қоржынға салды.
2010 жылы Азия чемпионаты Астана төрінде өтті. Сонда қазақ қыздары жалпы командалық есепте көш бастады. Жайна Шекербекова (Шымкент), Саида Хасенова (Алматы), Дариға Шәкімова (Петропавл), Марина Вольнова (Астана) Азия чемпионы атанса, Назгүл Боранбаева (Астана) күміс жүлдеге ие болды. Әйгерім Асқарова (Тараз), Елена Кольцова (Қостанай), Жұлдыз Мамытқұлова (Тараз) қоржынға үш қола жүлде салды.
Жандос БАЙДІЛДА,
журналист.