• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Мамыр, 2012

Шаршы алаңның шаңын қағуға дайын

279 рет
көрсетілді

Шаршы алаңның шаңын қағуға дайын

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:36

Олимпиадаға 57 күн қалды

12 мамырда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Америкақұрлықтарының бокстан ерлер арасындағы олимпиялық іріктеутурнирі мәреге жетті. Осымен бірге, Лондон Олимпиадасы рингінешығатын боксшылар есімдерінің дені анықталды. Бұл қатарда қазір242 былғары қолғап шебері бар. Жалпы, Олимпиадада 250 былғарықолғап шебері жүлде қорын сарапқа салады. Қалған 8 квотахалықаралық үш спорт ұйымының келісімімен бірқатар елдерге тегінберілгелі отыр.

 

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:36

Олимпиадаға 57 күн қалды

12 мамырда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Америкақұрлықтарының бокстан ерлер арасындағы олимпиялық іріктеутурнирі мәреге жетті. Осымен бірге, Лондон Олимпиадасы рингінешығатын боксшылар есімдерінің дені анықталды. Бұл қатарда қазір242 былғары қолғап шебері бар. Жалпы, Олимпиадада 250 былғарықолғап шебері жүлде қорын сарапқа салады. Қалған 8 квотахалықаралық үш спорт ұйымының келісімімен бірқатар елдерге тегінберілгелі отыр.

Осы 250 орын мынадай бөліс жүйесі арқылы толтырылды. Ли­цензиялардың ең алғашқы 5-уі Бү­кіләлемдік бокс сериясы бойынша жоғары балл жинап, был­тырғы жылғы 27-28 мамырда Қы­тайдың Гуянг қаласында өткен финалдық шайқаста жеңіске жеткен боксшыларға таратылды. Олар­­ды қазақстандық Қанат Әбу­тәліпов (56 кг), франциялық Рашид Аззедин (60 кг), әзербай­жандық Солтан Мигитинов (75 кг), алжирлік Абделхафид Беншабла (81 кг) және италиялық Клементе Руссо (91 кг) алды. Бір айта кететін жәйт, 60 килоға дейінгі салмақта финалда қытай­лық Ванг Жимин мен қазақ­стан­дық Ержан Мұсафиров кездесіп, жеңіс Аспанасты елінің спортшысына берілген еді. Бірақ Қытай құрамасының басшылары бұл жол­даманы алудан бас тартты. Олар мұны бұл салмақта үміт күттіретін бұдан да күшті бокс­шысы бар екенімен түсіндірді. Сол күштісі – Лиу Кианг Бакуде өткен әлем чемпионатында екі ұрыста жеңіп, 1/8 финалда оңтүс­тік­кореялық Сун-Чул Ханнан же­­­ңіліп, жарыс жолынан шығып қал­­ды. Сосын бұл жігіт Астанада болған құрлықтық іріктеу жарысында лицензияға қол жеткізді. Қытайлықтар бас тартқаннан кей­ін Қазақстан құрамасының жа­т­тық­тырушылар штабы да Бүкіл­әлемдік серия үшін беріліп отыр­ған жалғыз квотаның Ержанның алуын қолай көрмеді. Олар бұл салмақта Ғани Жайлауовтың әлем біріншілігінде жолдама ала алатынына үміт артты. Сол үміт артынан ақталды да. Осыған орай серия лицензиясы Рашид Аззединге берілді.

Бакуде өткен жаһандық жарыс 91 лицензия таратты. Шын мә­нін­де мұндағы квота саны 92 болатын. Алайда, 52 келіге дейінгі сал­мақта лицензиялық ондық шең­берінен Ұлыбритания құра­масы есебіндегі екі бірдей бокс­шы табылғандықтан, солардың біреуі еріксіз қысқарып кетті. Мә­селе мынада. Британия құрамына кіретін төрт тарихи мекен – Англия, Шотландия, Солтүстік Ирландия және Уэльс иеліктері әлем­дік жарысқа бұрыннан қа­лып­тас­қан дәстүрге сай жеке командалар ретінде қатысты. Ал олимпиялық турнирде әр салмақ дәрежесінде әр елден бір ғана боксшы өнер көрсетуі тиіс еді. Сондықтан ойындарға Ұлыбри­тания атынан қатысатын боксшылар іріктелгенде, солардың ара­сын­дағы бір салмақ дәрежесі бойынша квотаға қол жеткізген бокс­шылардың көрсеткіші жоғарысы құрама сапына алынды. Сөйтіп, уэльстік Эндрю Сельби мен англиялық Халид Яфаи арасында бұлардың алдыңғысы ғана жолда­маға ие болды.

Басында Океания аймағы мен құрлықтардың олимпиялық ірік­теу тур­­нирлерінде 140 лицензия са­рап­қа салынады деп жоспарлан­ған болатын. Бірақ әлем чемпионатында ара салмақ күткендегіден өзгеріп кеткендіктен, бұлардағы квота саны 146-ға дейін өсіп, тегін берілуге бөлінген лицензия мөлшері күрт қысқартылды. Осылайша Олимпиаданы қабылдаушы ел – Ұлыбритания үшін белгілен­ген 5 жолдаманың орнына 1 ғана квота қалды. Сол сияқты ХОК, АНОК, АИБА ұйымдарының үш жақты комиссиясы іріктеу тур­нирлерінде жолдама ала алмай қалған елдер үшін сақтап отырған 8 жолдамасын біреуге азайтты. Ал құрлықтардағы іріктеу турнирлері толық аяқталғасын, қай салмақ­тарда тегін квота берілетіні және олардың құрлықтар бойынша қа­лай бөліске түсетіні біржола анық­талды. Сонымен, бұл бөліс Ұлыбританияға – 1, Еуропаның тағы бір еліне – 1, Африка, Америка, Азия құрлықтарының әрбі­ріне екі-екіден ұрыссыз алатын тегін жолдама қалдырды.

Жақын арада бұл вакансияларды кімдердің иемденетінін де білетін боламыз.

Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.