Жұма, 1 маусым 2012 7:33
Өскеменде көкпар мен аударыспақтан ХІІ, теңге алу мен қыз қуудан VІ Қазақстан чемпионаты басталды. Ат спорты ойындары 60-шы жылдары ел чемпионатында боз кілем төрінде атой салған, қазақша күрестен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, ұлттық спорт түрлерінің дамуына ерекше үлес қосып жүрген Тоқан Базархановтың 70 жылдық мерейтойына арналды.

Чемпионаттың салтанатты ашылуы рәсімінде облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы Әбіл Домбаев, облыстық федерацияның президенті Марат Мұзапаров, тағы басқалар сөз алды, балуанды мерейтойымен құттықтап, Қазақстан спортына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапаттады.
Көкпардан алғашқы кездесуде еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары – оңтүстікқазақстандықтар Қарағанды облысының командасын 18:0 есебімен ойсырата ұтса, шығысқазақстандықтар батыстық көкпаршылардан басым түсті.
Оңдасын Елубай,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.