Сенбі, 30 маусым 2012 7:26
Жақында еркін күрестен аса ауыр салмақта қай балуанның Олимпиадаға баратыны белгілі болды. Ол – 120 кило салмақтағы Дәулет Шабанбай.
– Жақында біз бапкерлермен Олимпиадада ел намысын қорғайтын балуан туралы әңгіме қозғадық. Ақылдаса келе, Ұлыбританияға Дәулет Шабанбайдың барғаны жөн деп шештік. Дәулет – жақсы спортшы, – дейді құраманың бас бапкері Алтай Танабаев.

Сөйтіп, көптен бері көпшілікті алаңдатып жүрген жәйт белгілі болды. Бұл жігітті жанкүйер қауым жақсы біледі. Күреспен ерте жасынан айналыса бастаған Дәулет қандай жарыс болсын жеңімпаз атануға тырысатын балуан екенін бұрыннан бері дәлелдеп келеді. Енді біз Дәулет Шабанбайға Лондонда ел намысын қорғап, атының аламанда озып шығуына тілектеспіз!
Гүлдана ДАЛЕ,
ЕҰУ студенті.