• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2012

Ұлттық құраманың ұстаздары

366 рет
көрсетілді

Ұлттық құраманың ұстаздары

Сенбі, 30 маусым 2012 7:28

СУ ДОБЫ: СЕРГЕЙ ДРОЗДОВ

Сергей Михайлович Дроздов 1969 жылы Алматы қала­сынд­а туған. Су добынан КСРО спорт шебері. Жылжымалы шабуылшы позициясында ойнады. Спорттық жолын Алматының «Динамосында» бастады. Бұдан кейін Ресейдің «Синтез» (Қазан), «Спартак» (Волгоград), Израильдің «Хапоэль» (Маккаби) командаларының намысын қорғады. 2004, 2007 жылдары Ресей кубогының жеңімпазы атанды. Қазақ­стан құрамасы сапында Азия чемпионаты мен Азия ойындарының үш дүркін (1994, 1998, 2002) чемпионы болды. Ойыншы ретінде 2004 жылы еліміздің намысын Афина Олимпиадасында қорғады. Бұдан бөлек үш әлем (1994, 1998, 2001) чемпионатына қатысты.

Қазір Сергей Дроздов Ресей біріншілігінде өнер көрсе­тетін «Астана» командасы мен Қазақстан құрамасын қатар басқарып келеді. Оның бұл лауазымдағы бірінші тұсаукесер ірі жарысы сол айда Қытайда өткен Азия бірін­шілігі болды. Бұл жарыс, сондай-ақ, әлем чемпио­на­тының екі лицензиясын сарапқа салды. Қазақстандықтар додада тек алаң иелерінен ғана жеңіліс тауып, Гонконг, Жапония, Сингапур және Кувейт командаларын айқын басымдықпен ұтты. Нәтижесінде турнир кестесінде екінші орынға шығып, жоғарыдағы екі лицензияның бірін жеңіп алды. Ал Италия астанасы, Римде шілденің аяғында өткен жаһандық жарыста команда ең соңғы 16-орында қалып қойды. Мұның есесіне 2011 жылы Қытайдың Шанхай қаласында жарыс көрігін қыздырған келесі чемпионатта 13-орынға табан тіреді.

Сергей Дроздовтың ұлттық құрама тізгінін ұстағалы бергі ең үлкен табысы ретінде оның  команданы Азия чемпионы еткенін, сол арқылы алдағы Лондон Олимпиадасына жолдама алып бергенін атап өтуге болады. Бұл чемпионат биылғы 23-29 қаңтар аралығында Жапонияның Тиба қаласында өтті. Онда біздің командадан бөлек, Жапония, Қытай және Кувейт құрамалары жалғыз жолдама үшін таласты. Турнирде қар­сыластарын түгелдей ұтып шыққан Сергей Дроздовтың жігіттері бірінші орын алып, алға қойған басты мақсаттарына қол жеткізді.

Әлбетте, біз су добы шеберлері ұлттық құрамасынан Ойын­дар қорытындысында аса жоғары нәтиже күте алмаймыз. Ондайды талап ету әділдік те болмас еді. Ең алдымен ко­манданың Олимпиадада шайқасатын 12 жасақтың қа­та­рынан ойып орын алуының өзі – үлкен ерлік. Оның үстіне ватерполшылар Олимпиадада жалғыз лицензияға иелік еткен­дерімен, онда 13 спортшы болып барып, еліміз құрамасы спорт­­шы­ла­ры­ның қарасын осынша адамға көбейте түседі. Ал коман­даның бас бапкері болса, өз сарбаздарының турнирде 9-орын үшін күресетінін айтып отыр.

Руслан ИГІЛІК.