• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
17 Шілде, 2012

Жеңіске жет, Таймұраз!

354 рет
көрсетілді

Жеңіске жет, Таймұраз!

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:24

Лондонда өтетін Олимпиадаға Ақжайық өңірінен алты бірдей спортшыжолдама алды. Бұл – үлкен жетістік. Батыс өңірінен осынша жолдамаалған басқа облыс жоқ.

Оқырмандарымызға Лондонға жолдама алған спортшыларымыз туралы кеңірек мәлімет беру мақсатында материал беруді жос­парлап, олармен сұхбаттасып, дайындық барысын білгіміз келген еді. Алайда, көңілі күпті болып жүрген спортшыларды алаң­датуға болмайды. Тіпті қалта­фоны арқылы хабарласуға да батылымыз жетпеді.

 

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:24

Лондонда өтетін Олимпиадаға Ақжайық өңірінен алты бірдей спортшыжолдама алды. Бұл – үлкен жетістік. Батыс өңірінен осынша жолдамаалған басқа облыс жоқ.

Оқырмандарымызға Лондонға жолдама алған спортшыларымыз туралы кеңірек мәлімет беру мақсатында материал беруді жос­парлап, олармен сұхбаттасып, дайындық барысын білгіміз келген еді. Алайда, көңілі күпті болып жүрген спортшыларды алаң­датуға болмайды. Тіпті қалта­фоны арқылы хабарласуға да батылымыз жетпеді.

Тағы да дүбірлі додаға баратын жерлестеріміздің аты-жөн­дерін айта кетейік. Олар: Абдулхаким Шапиев, Таймұраз Тигиев (еркін күрес), Алексей Дергунов (байдарка мен каноэде ескек есу), Даниял Гаджиев (грек-рим күре­сі), Анастасия Баннова (садақ ату),   Георгий Шейко (жеңіл атлетика).

Сонымен, олар ел үкілеген үміт үдесінен көріну үшін бұл күндері Астанада соңғы дайын­дықтарын жүргізуде.

Біз бүгін еркін күрестен 96 килограмм салмақ дәрежесінде бел­десетін балуанымыз Таймұраз Тигиев туралы әңгіме қозғамақпыз.

Т.Тигиев 1982 жылы Алания қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Бейжің (Қытай) қаласында өткен ХХІХ Жазғы Олимпиа­да­ның күміс жүлдегері. Қазақ­стан мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. 2011 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығында Ыстамбұл (Түркия) қаласында өткен әлем бірінші­лі­гінде бесінші орын ие­леніп, Лондонда өтетін Олим­пиадаға қаты­суға жолдамаға қол жеткізді.

Таймұраз Қазақстан Респуб­ликасының спортқа еңбек сіңір­ген спорт шебері, Батыс Қазақ­стан Олимпиада резервтерін даярлау орталығында 2006 жылдан спортпен шұғылдануда. Бапкері Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген жаттықтырушысы Мү­сілім Оңдағанұлы.

Батыс Қазақстан облыстық Олимпиада резертерін даярлау ор­та­лығының әдіскері, спорт ардагері Батырхайыр Әйешев былай дейді:

– Таймұразды өте жақсы біле­мін деп айта алмаймын. Бірақ үлкен жарыстардағы күресін көріп жүрмін. Тау халқының ұлы ғой. Аздап қызбалығы бар. Сол қызбалығын кейде байқатып алады. Бірнеше рет төрешілер тарапынан ескерту алғанын білемін. Одан тиісті қорытынды шығар­ды. Оны өткен жылғы әлемдік сайыстарда көрсете білді. Ол – нағыз күрескер, батыл, спортқа жан-тәнімен берілген жігіт. Оның бұрынғы жетістіктері баршаға аян. Ал биылғы Олимпиадада ол алтыннан алқа тағады деген үміт­теміз. Жерлестерінің сенімінен шы­ғады деп айтуға болады.

Бұған біздің қосарымыз, алтыннан алқа тағып, жеңіспен орал, Таймұраз!

Еламан ӘЙПІШЕВ,

журналист.

Орал.