• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Шілде, 2012

Жеңіспен оралыңдар, ұландар!

418 рет
көрсетілді

Жеңіспен оралыңдар, ұландар!

Бейсенбі, 19 шілде 2012 7:15

Күн сайын дүбірі жақындап келе жатқан Лондон Олимпиадасын павлодарлық жанкүйерлер де асыға күтуде. Мұның себебі де бар, өйткені, әлемдік додада 6 спортшымыз еліміздің намысын қорғайтын болады.

 

Бейсенбі, 19 шілде 2012 7:15

Күн сайын дүбірі жақындап келе жатқан Лондон Олимпиадасын павлодарлық жанкүйерлер де асыға күтуде. Мұның себебі де бар, өйткені, әлемдік додада 6 спортшымыз еліміздің намысын қорғайтын болады.

Мысалы, Роман Валиев, Александр Зайков, Татьяна Азарова, Алек­сандр Фишер жеңіл атлетикадан өзге елдер спортшыларымен сынға түседі. 90-шы жылдары ха­лықаралық дәре­жедегі спорт шебері Марат Жыланбаев облыстың даңқын шығарды, ол спорттық жетістіктері үшін Гинесстің рекордтар кітабына 7 дүркін енді. Конь­киші Людмила Прокашеваны жұртшылық жақсы біледі.– Жеңіл атлеттерден басқа нысана көздеуші Вячеслав Подлесный, балуан Дәулет Шабанбай бақтарын сынайды. Спортшыларымыз бұл жол­ғы Олимпиадаға жақсы дайындалды, – дейді облыстық спорт және туризм басқармасының бөлім бастығы Олег Кольев. – Сондықтан, алдағы күннен үмітіміз үлкен. Бұдан бұрын да біздің спортшыларымыз басқа да Олимпиадаларға қатысқан. Қалыптасқан жақсы тәжірибеміз бар.Оның айтуынша, басты ерек­ше­лік, Олимпиадаға қатысатын спорт­шылардың бәрі де өз жерлестеріміз, Павлодарда туып-өскен нағыз өзі­міз­дің қазақстандық қыз-жігіттер екен. Сөйтіп, ел намысын өз елімізде, өз жерімізде, қазақ арасында өскен нағыз патриоттар қорғайтын болады. Жалпы, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері жұртшылық жатты­ғуға, шынығуға баратын спорт ғима­раттарының саны артты. Облыс ор­та­лығын былай қойғанда, қазір аудан­дардағы, елді мекендердегі стадиондар, спорт залдары жабдық­талды. Жұмабек Мейрамғалиевтің бастамасы бойынша спорттың ұлт­тық және халықтық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылды. Қазіргі уақытта мектепте спорттың төрт түрі таратылады: қа­зақ күресі, самбо, дзюдо, ат спорты, шұғылданушылар – 735 адам. Облыс орталығындағы “Шахмат үйі” негі­зінде тоғызқұмалақ және үстел тен­нисі, шахмат бөлімшелері мен бала­лар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Бүгінгі күні облыста 26 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді (олардың 7-уі олим­пиадалық резервтің маманданды­рыл­ған балалар-жасөспірімдер мектебі).Қысқы спорттың түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылды. Футбол бойынша “Ертіс” балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.– “Олимпиадалық резерв­тің ма­ман­дандырылған бала­лар-жасөспі­рім­дер мектебі мәрте­бесін алды. Облыс орталығында «Неп­тун», «Шымыр» дене шынық­тыру-сауықтыру кешендері пайдала­нуға берілді. 2003 жылы «Астана» мұз сарайы салынды. Сонымен қатар, Успен ауда­ны­ның Павлов ауылында облыстық “Бұлақ” бағдар­ла­масына сәйкес спорт залы қайтадан жабдықталды, Павлодар қаласы ауыл­дық айма­ғы­ның Кенжекөл ауылында және Успен ауданының Тимирязев ауылында спорт залдарына, Екібастұз қаласы ауылдық аймағы­ның Солнечный кен­тінде дене шы­нықтыру-сауық­тыру ке­шеніне және Май ауданының Қаратерек ауылында хоккей қорап­тарына күрделі жөндеу жүргізілді. Орталық стадионда жасанды жа­былғышы және жылыт­қы­шы бар футбол алаңы салынды. Облыс орта­лы­ғында демеушілер қара­жаты есе­бінен синтетикалық жабыл­ғышы бар 2 теннис корты, жасанды көгал жабыл­ғышымен 4 шағын футбол алаңы, киім ауыстыратын бөл­мелері бар 5 хоккей қорабы (олардың 1-еуі пластиктен жасалған) салынды.18 спорт түрі бойынша еліміздің құрама командаларына Павлодар об­лысының 149 спортшысы енді. Бү­гінгі күні облыста спорттың 42 олим­пиа­далық түрінен 26-сы, 59 олим­пиа­да­лық емес түрінен 38-і және 14 ұлттық халықтық спорт түрлері таратылады. Облысымыздың 500-ден астам спортшысы әр түрлі спорт түрлері бойынша республика құрама командаларының мүшелері болып табылады. Спорттың басымды түр­лерінің саны 10-ға дейін ұлғайды, олар­дың өз үлкен дәстүрлері, мате­риалдық-техникалық базасы және жаттықтырушылар әлеуеті бар (шаң­ғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика, бокс, жүзу, еркін күрес, дзюдо, велосипед спорты, жеңіл атлетика). Біз Олимпиадаға аттанатын жерлес спорт­шыларымызға, жалпы барлық қазақ­стандық спортшыларға сәтті сапар тілейміз. Жеңіспен оралыңдар дегіміз келеді,– дейді Олег Викторович.Фарида Бықай,«Егемен Қазақстан».Павлодар облысы.