Бейсенбі, 19 шілде 2012 7:19
Олимпиадаға 8 күн қалды
Кеше Қорғаныс министрлігінде министрдің орынбасары Сергей Громов Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиадаға қатысатын әскери спортшылармен кездесті.Ұлттық Олимпиада құрамасының тұманды Альбионға жүруіне санаулы күндер қалғаны белгілі. Осы ретте қорғаныс ведмоствосының басшылығы өз спортшыларына сәт сапар айтып, ақ жол тіледі.ХХХ жазғы Олимпия ойындарына елімізден спорттың 25 түрінен 115 спортшы қатысады десек, ұлттық құраманың жалпы жолдамасының үлкен бөлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің еншісінде екен.
Бейсенбі, 19 шілде 2012 7:19
Олимпиадаға 8 күн қалды
Кеше Қорғаныс министрлігінде министрдің орынбасары Сергей Громов Лондонда өтетін ХХХ жазғы Олимпиадаға қатысатын әскери спортшылармен кездесті.
Ұлттық Олимпиада құрамасының тұманды Альбионға жүруіне санаулы күндер қалғаны белгілі. Осы ретте қорғаныс ведмоствосының басшылығы өз спортшыларына сәт сапар айтып, ақ жол тіледі.ХХХ жазғы Олимпия ойындарына елімізден спорттың 25 түрінен 115 спортшы қатысады десек, ұлттық құраманың жалпы жолдамасының үлкен бөлігі Қазақстан Қарулы Күштерінің еншісінде екен.
Бұл жолғы әлемдік додада 26 әскери спортшы Отанымыздың намысын қорғамақ. Олар жеңіл атлетика, байдаркадан есу және каноэ, синхронды жүзу, дзюдо, еркін күрес, бокс, жүзу және қазіргі бессайыс сынды спорт түрлерінен сынға түспек.2011 жылы өткен VII Қысқы Азия ойындарында ұлттық құраманың 16 пайызын Армия орталық спорт клубының спортшылары құрап, сол жолы олар жалпы жүлденің 33 пайызын еншілеген-ді. XVI Жазғы Азия ойындарында да ұлттық құраманың 20 пайызын құраған әскери спортшылар жалпы жүлденің 37 пайызын қанжығаға байлаған болатын.Кездесу барысында вице-министр еліміз үміт артып отырған саңлақтарға ұстамдылық пен өздеріне деген сенімділік тілей келе, бұл жеңіске жетелейтін бірден-бір жол екенін айтса, Лондонда бақ сынау бақытына ие болған бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев (69 кг.) пен еркін күрестен әлем чемпионатының жүлдегері Дәулет Ниязбеков (55 кг.) те өздерінің ел намысын қолдан бермеуге барын салатындықтарын жеткізді. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,«Егемен Қазақстан»Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.