• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
13 Наурыз, 2010

ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫ ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ

725 рет
көрсетілді

“Қазақстан темір жолы” ұлт­тық ком­паниясы” АҚ үсті­міздегі жыл­дың 19 нау­ры­зы­нан бастап жолау­шылар таситын және қала ма­­­ңына қаты­найтын пойыздарды жолға шы­ғарады. Таратып айтсақ, Астана мен Алматы қалаларының арасында 15 жолаушы вагондарынан тұратын №36/35 жаңа жолаушылар пойы­зы­ның бір құрамы үш күнде бір рет қа­тынайтын болады. Пойыздың Ас­тана қаласынан  Алматы қала­сы­на аттану уақыты – 17 сағат 20 ми­­нөт­те, ал Алматы қаласынан Ас­тана қала­сына аттану уақыты – 18 сағат 01 минөтте. Екі қала ара­сын­дағы жол жүру уақыты 19 сағат 01 ми­нөт­ті және 20 сағат 44 минөтті құрайды. Сондай-ақ халыққа аптасына екі рет (жұма, жексенбі күндері) қала маңына қатынайтын Астана – Павлодар бағытына жүретін №801/802 жаңа пойыз қызмет етеді. Ол өте жайлы (1, 2, 3 класты) 8 ва­гоннан тұрады. Пойыздың Астана қаласынан Павлодар қаласына ат­тану уақыты – 17 сағат 30 минөт болса, Павлодар қаласынан Астана қа­ласына аттану уақыты – 8 сағат 45 минөт. Жол жүру уақыты 6 сағат 29 минөтті және 20 сағат 44 минөтті құрайды. Сонымен қатар, Ақтөбе – Алматы-2 бағы­тындағы №34/33 жо­лау­шы­лар пойызының төртінші құрамы қосымша енгі­зі­леді. Пойыз күн сайын қатынайды, бұған дейін бұл пойыз аптасына 4 рет қатынаған болатын. Ал күнде қатынайтын №36/35 Ал­маты – Астана, №802/801 Ас­тана – Павлодар бағы­тын­дағы жаңа пойыз­дарға, сондай-ақ №34/33 Ақтөбе – Алматы-2 қатына­сын­дағы жолау­шы­лар пойызына би­леттер осы жылдың 12 наурызынан бастап сатылады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.