Облыстық “Маңғыстау” және “Огни Мангыстау” газеттерінің редакциялары екі апта сайын облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары өңір тұрғындарының өзекті сауалдарына жауап беретін “Қызу желі” байланысын ұйымдастыра бастады.
Алғашқы байланыста облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Серікбол Мусинов тұрғындардың 30-ға тарта сауалына жауап берді. Сауалдар өңірдің барлық түкпірінен де түсті. Оның бәрі де екі газет бетінде жарық көрді. Ал екінші “Қызу желі” байланысына халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Мұхтар Баймағамбетов қатысты. Біраз сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мекеме басшыларына қойылған сауалдардың әралуан, әрі көп болуына қарағанда, әріптестеріміздің бұл игі шаралары билік пен қарапайым халықтың арасын одан әрі жақындастыра түсіп, көпшілік көңілінен шығуда деуге болады.
Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.