• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Сәуір, 2019

Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері көз жұмды

1063 рет
көрсетілді

Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.

«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2 адамнан тұратын экипаж қаза болды», - делінген хабарламада. 

Аталған авиациялық апат бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті.