21 сәуір Украинада президент сайлауының екінші кезеңі өткен болатын. Президенттікке үміткерлер екеу болды. Олар: «Слуга народа» партиясынан қатысқан Владимир Зеленский мен Украина президенті Петр Порошенко.
Украина Орталық сайлау комитеті Владимир Зеленскийдің көш бастап тұрғанын мәлімдеді. Оның еншісінде 73,05% болса, Петр Порошенкода 24,61%. Украина Орталық сайлау комитеті толық нәтижемен әлі де бөліспеді. Олардың ақпаратына сүйенсек, осы кезге дейін дауыстың 78,44%-ы қаралған.
ВВС агенттігі Зеленскийді қолдаушылар Укриананың шығысында көп болғаны туралы жазады. Ал батыстағы халық Порошенко үшін дауыс берген дейді.