Кеше Премьер-Министр К.Мәсімов исламдық қаржыландыру жөніндегі қазақстандық конференция шеңберінде ислам қаржы институттарының өкілдері – Азияның Ислам банкі директорлар кеңесінің төрағасы, Бахрейн Корольдігі Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Абдулла Хасан Саифпен және Ислам қаржы қызметтері кеңесінің (Малайзия) бас хатшысы Рифаат Ахмед Абдель Кариммен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстандағы ислам банкингінің мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр 2020 жылы Қазақстанның ТМД-да исламдық қаржыландыру бойынша өңірлік орталық ретіндегі институттану барысы туралы хабарлады. Мұндай міндетті республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған болатын.
К.Мәсімов Қазақстанның ислам банкингін дамыту үдерісін жеделдетуге мүдделі екенін атап өтті және Үкіметтің банктердің елімізде исламдық қаржыландыру принциптері негізінде жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға дайын екенін білдірді.