«Өткен жылы елордаға рекордтық көлемде инвестиция тартылды. Сырттан түскен қаржы бірінші рет 1 триллион теңгеден асты. Осы көрсеткіштерге қалада іске асырылып жатқан ірі жобалардың арқасында қол жеткізілді. Ал биыл құрылыс жұмыстарының азаюына байланысты инвестиция көлемі де төмендеп отыр. Өйткені, инвестициялардың 70-80 пайызын құрылыс құрайды. Біз өткен жылдардағы инвестицияларға талдау жасадық. Сонымен бірге 2019 жылға арналған болжамды жоспар құрдық. Егер орындасақ - былтырғы жеткен триллион теңгеден асыруға болады», - деді Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында.
Қала әкімінің айтуынша, шаһарға инвестиция тарту тетіктері қайта қаралған.