• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2019

Ақтөбеде бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған әкімдерге шара қолданылады

666 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен жергілікті бюджеттің кірістері мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық тәртіпті сақтауы жайында селекторлық отырыс өтті деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  басқармасының  басшысы  Гүлқасима  Сүйінтаева баяндамасына сәйкес, бірінші тоқсан  қорытындысынан кіріс көзі  26,7 млрд теңгені құраған. 

 Облыс басшысы аталған кемшіліктер бойынша аудан әкімдеріне   қатаң ескерту жасады.

«Әзірге мұны менің тарапымнан ескерту деп түсініңіздер, егер жарты жылдық қорытындысы бойынша дәл осындай көрсеткішпен  жалғасатын болса тіпті тәртіптік шара қолданылады», - деді Оңдасын Оразалин.

Кіріс көзінің төмендеуіне себептің бірі, Ақтөбедегі кейбір  кәсіпорын иелері өзге қалаға немесе облысқа тіркелгендіктен, салықты сол аймаққа төлейді.

Сондай ақ, бюджеттік  бағдарлама әкімшілері   қаржылық  тәртіпті  дұрыс сақтай алмай отыр. Жобалық сметалық  құжаттардың   дұрыс құрылмауынан  мемлекет қаражаты желге ұшқан. Мұндай жағдай  Қарғалы  ауданында кездесті. Спорттық мектептің  жобалық сметалық  құжатына  4 млн теңге  жұмсалғанмен,  мектептің  қажеттілігі  болмай қалған.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жиынды қорытындылай келе, жауапсыздыққа жол бергендер мен жоспарды  дұрыс  құрмай, қаражатты  тиімсіз жұмсағандарға аяушылық танытпайтынын айтты.