Жиында жастарға демеушілер тарапынан 30-100 мың теңге көлемінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шоттарына түсетін қаржылай сертификаттар табыс етілді.
Қаражат облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшыларының күшімен жетім балаларды ұйымдар мен мекемелердің патронаттығына бекіту акциясы аясында жиналды.
Сондай-ақ, Оңдасын Оразалин тағдыры ауыр 6 балаға бір бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Жаңа қонысқа ие болған балалар қуанышты сәтті пайдаланып аймақ басшысына өз алғыстарын білдірді.
«Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсету азаматтық парызымыз. Олардың болашағы жарқын болуы үшін қоғамның қамқорлығы қажет»,- деді аймақ басшысы.