• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Сәуір, 2019

Кәсіпорындар да шет қалмайды

626 рет
көрсетілді

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем БТ» ЖШС кәсіпорнында қалалық мәслихат депутаттары мен жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлерінің қатысуымен кезектен тыс өтетін президенттік сайлауды түсіндіруге бағытталған үнқатысу алаңы ұйымдастырылды.

Отандық өнім өндіруде көш­бас­шы кәсіпорындардың бірі атан­ған «Әлем БТ» меке­месі елі­міз­дегі шешуші саяси нау­қан­дардан шет қалған емес. Қай­та оған белсенді қаты­сып келеді.

Халық қалаулыларымен бірлесіп өткізілген жиында да аталған еңбек ұжымы елдегі әлеу­меттік және саяси келісімді қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен бағдарламаларды ойдағыдай іске асыру туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ қала­лық мәслихат депутаттары отан­дық және сыртқы саясатта бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету құралы ретінде алдағы сайлаудың маңыз­дылығын түсіндірді.

Мәселен, басқосуда Елба­сы көшін бастап, тұғырын биік­тет­кен тәуелсіздіктің арқа­сын­да еліміздің әр өңірінде жаңа экономикалық аймақтар құрыл­ғаны, ел әлеуетінің өсіп келе жатқаны, ал президенттік сайлау республикамыздағы әрбір азамат үшін өте маңызды науқан екені атап көрсетілді. Өзін осы ел мен жердің иесі санаған әрбір қазақстандық­тың саяси науқанға бел­сене атсалысуы, сайлауда шы­найы дауыс беруі қажет. Қала­лық мәслихат депутаттары мен жеңіл өнеркәсіп саласының қызмет­керлерімен өткен кездесуде осы мәселелерге баса мән берілді.

Сонымен қатар үнқатысу алаңында кәсіпорын басшылары кезектен тыс сайлауға дайындық жұмыстарының тың­ғылықты жүргізіліп жатқанын ай­тып, саяси маңызы зор науқанға сәттілік тіледі.

 

ШЫМКЕНТ