«Ең алдымен, бүгін маған зор сенім артып, үміткер ретінде ұсынған Елбасыға алғыс білдіремін. Мен бұл жауапкершілікті бүкіл болмысыммен сезінемін, ел игілігі үшін бар қажыр-қайратымды жұмсаймын. Елбасының аманаты бізді биік белестерге жетелейді. Біз осы бақытты бағалай білсек қана асқар асуларды бағындыра аламыз. Кеңес одағының құрсауынан шыққан Қазақстан Елбасы арқасында беделді мемлекетке айналды. Бүгінде Нұсұлтан қаласы жаҺандық орталықтардың бірі ретінде қалыптасты. Тұңғыш Президентіміздің жеңісті жолын жалғастыру аса мәртебелі парыз деп есептеймін», деді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ ол тарихтың жаңа тарауын бастаған еліміз тағы бір маңызды шешімнің алдында тұрғанын айтты.