• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:43

Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты

Әлеуметтік желілерде Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында ит еті сатылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Аталған жайтқа қатысты «Астана ветсервис» КМК мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау қызметімен айналысатын мекеме дерегінше, мәліметтер 2023 жылы Ақмола облысында болған. Аталған факті бойынша іс сотта қаралып, кінәлі азамат жауапкершілікке тартылған.

«Қазіргі уақытта Астана қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында мұндай өнімді жеткізу, сату немесе пайдалану фактілері ресми түрде расталған жоқ», делінген хабарламада.

Мекеме мамандары жағдай уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында екендігін атап өтіп, санитариялық-ветеринариялық талаптардың сақталуына жүйелі түрде мониторинг пен тексеру жүргізіліп отырғандығын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін экологтар мен жануарларды қорғаушылар «Честно Говоря» подкастында Астанадағы танымал мейрамханалардың бірі тағамдардағы тартылған фарш құрамына ит етін қосып сатқандығын айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар