• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның іргесі бүтін болуы жолында аянбай еңбек етіп келеді

894 рет
көрсетілді

– Билік басындағы адамның ауысуы кезінде көптеген елдерде әртүрлі жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Әлемнің айтулы саясатшылары, сұңғыла сарапшылары қазақстандық осы модельге айрықша мән беріп отыр. Осының өзі үлкен жетістік деп санауымызға болады.

Ал одан кейін біз жаңа президентті сайлау кү­­нін белгіледік. Осының бәрі кезең-кезеңмен, өр­­­кениетті жолмен өткізіліп келеді. Nur Otan пар­­­тиясының бүгінгі съезінде саяси ұйым өзінің лайық­­­ты кандидатын ұсынып отыр. Партия Төраға­сы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол­ кан­­­дидаттың есімін атады. Сонымен бірге оның­ бү­­гінгі таңдағы Мемлекет басшысы болуға бір­ден-бір лайықты тұлға екені айтылды. Барлық қыз­­­метімен, іс-әрекеттерімен Қасым-Жомарт Кемел­­­ұлы Тоқаев Қазақстанның іргесі бүтін, төрт ая­ғы­н тең басқан беделді, болашағы кемел мем­­ле­кет болуы жолында аянбай, білгірлікпен еңбек етіп келеді. Оны Қазақстан халқы дүниежүзілік аренадағы танымал саясаткер ретінде де жақсы біледі. 

Қуаныш СҰЛТАНОВ, 

Мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжіліс депутаты: