• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Сәуір, 2019

Ең жиі кездесетін құпия сөздер қандай?

1985 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Ұлттық киберқауіпсіздік орталығы интернетте жиі кездесетін құпия сөздерді анықтады. Орталық бұған дейін жарияланып кеткен құпия сөздерге сараптама жасап көрген екен.

Зерттеу жұмысының мәліметтеріне сүйенсек, «123456» құпия сөзі ең көп қолданылған екен. 23,2 миллион аккаунт осы сандар жиынтығына сүйенген. Екінші орындағы «123456789» сандары 7,7 миллион рет пайдаланылған. Сондай-ақ «qwerty» және «password» сөздерінің әрқайсы 3 миллионнан аса адамның құпия сөзіне айналған.

Ең жиі пайдаланылатын құпия сөздердің ондығы:

123456

123456789

qwerty

password

111111

12345678

abc123

1234567

password1

12345

Бұдан бөлек, superman, blink182, Ashley, Michael, liverpool секілді сөздер де құпия сөз ретінде жиі қолданылған екен.