Қоғам • Кеше

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

1 мин
оқу үшін

Павлодарда белгісіз біреу жедел жәрдем бригадасына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасады

10 маусым күні Назарбаев даңғылында өтіп бара жатқан тұрғын көшеде жатқан ер адамға жедел жәрдем шақырған.

Медицина қызметкерлері науқасқа көмек көрсетуге әрекеттенген кезде ол қолына пышақ алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Сондай-ақ жүргізушіні соққыға жығып, реанимобиль салонын бүлдіріп, медициналық препараттарды жарамсыз күйге келтірген.

Жедел жәрдем қызметкерлері жылына 8 миллион адамға көмек көрсетеді

Зардап шеккендер полиция шақырып, арыз жазған.

Еске салайық, биыл наурыз айында Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын.

Алматыда жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар